Қостанай облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының мамандары тәжірибе алмасу, жұмыс барысымен танысу және одан әрі шығармашылық байланыс орнату мақсатында Атырау облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының мамандарымен кездесуде.
Орталық басшысы Сартбаев Бақытбек Мырзағалиұлы орталықтың бөлімдерімен, жалпы жұмыс барысымен сонымен қатар, мұнайлы өлкенің мәдени ошақтарымен таныстырды.