Облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысына орай Облыстық мемориалдық мұражайда жас ақындарға арналған шеберлік сағаты өтті. Бұл игі шараға өңіріміздің аудан, қалаларынан ұстаздарымен бірге келген дарынды оқушылар қатысты.
Шеберлік сағатына айтыскер ақын, Облыстық мемориалдық мұражайдың басшысы Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов модераторлық етіп, жас талапкерлерге айтыстың қыр-сыры жайлы құнды мағлұматтар берді. Ол айтыстың құрылымдық ерекшеліктері, буындары және әдіс-тәсілдері туралы кеңінен баяндап, жас ақындарға өз тәжірибесінен пайдалы кеңестер ұсынды.
Таңертең басталған бұл тағылымды жиын түскі үзілістен кейін қайта жалғасын тауып, оқушылар үшін аса маңызды әрі мазмұнды дәріске айналды. Шара соңында қатысушылар мұражай ішін аралап, тарихи-мәдени жәдігерлермен танысты. Осындай рухани азық алған олар шабыттанып, айтыс өнеріне деген қызығушылықтарын одан әрі арттыра түсті.