Облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары «Зерделеу» бағдарламасы аясында Әулиекөл ауданына барды
Ол жақтағы әріптестерге әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибемен бөлісті. Әулиекөл ауданындағы мәдениет үйінің жұмысымен танысып, құдаттарын тексерді. Мұнда жұмыс жақсы деңгейде, ретімен жүзеге асуда.
Сонымен қатар алдағы ұлттық домбыра күніне дайындық барысын да пысықтап, орталық маманы, домбырашы Мұрат Хамитов жоғары бағалады.
Аудан 1 мамыр мерекесіне де дайындық жүргізіп жатыр екен. Орталық басшылығы дайындыққа қатысып, сценариймен танысып, бағыт бағдар берді. Жалпы аудандық мәдениет үйінің атқарып жатқан жұмысына жоғары баға беруге болады.

