Облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары «Зерделеу» бағдарламасы аясында Ұзынкөл ауданына барды. Ол жақтағы әріптестерге әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибемен бөлісті. Ершов ауылына да соғып, мұнда салынып жатқан мәдениет үйінің барысымен танысты.