Бүгін Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен "Сценарий - мерекенің негізі" тақырыбында ЗУМ қосымшасы арқылы қашықтықтан шеберлік сағаты өтті
Шеберлік сағатын республикалық "Рухани қазына" байқауының "Үздік мәдениет қызметкері" номинациясының жеңімпазы, Арқалық қалалық Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Миргүл Мұсабекова өткізді.
Өңіріміздің барлық аудан, қалаларынан 61 қатысушы қатысты.
Шеберлік сағатында сценарийдің жазу жүйесі, бағыты жайлы ақпарат берілді. Алда келе жатқан Наурыз мейрамы, Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шараларға сценарий үлгілерін ұсынды.
Шара соңында Миргүл Бектепбергенқызына Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Елтайұлының атынан алғыс хат ұсынылды.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.
Алдағы уақытта жоспарға сай өңіріміздің барлық мәдениет ошақтарына Миргүл Мұсабекованың сценарийлерден жинағы әдістемелік материал ретінде жіберілетін болады.

