Бүгін Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы мен Композиторлар одағының бірлесе ұйымдастыруымен өңіріміздегі сазгерлерден құралған сарапшылардың алғашқы отырысы өтті.
Іс-шарада М.Оспанов, А.Бағдәулетұлы және Б.Оспановтың әндері қаралып, А.Бағдәулетұлының әніне ақыл-кеңестер мен ұсыныстар айтылды.
Бұдан бөлек жиын барысында сазгер Қажымұрат Баймусин Қостанай облыстық Композиторлар одағының мүшесі болып қабылданып, куәлігін Д.Қалқаев табыстады.
Шарамыз ай сайын өз жалғасын тауып отырады. Ай сайын сарапшылардың алдына өңіріміздің сазгерлерінің әндері түсіп, сарапталып, әрі қарай насихатталуына жұмыс жасалатын болады.


