Қаламызда облыстық мәдениет басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиын барысында былтырғы жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, саланың өзекті мәселелері мен алдағы міндеттері талқыланды.
Алқа отырысына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р.З.Мұхаметқалиев, облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Е.Б.Қалмақов және мәдениет саласының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Түстен кейін саланың әр түрлі бағыттары бойынша секциялар өткізіліп, қолданыстағы заңнама, саланың өзекті мәселелері туралы тиісті мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев орталықтың атқарған жұмыстары, биылғы жоспарлары туралы бөлісіп, пікірін ортаға салды.

