Бүгін Қарабалық аудандық мәдениет үйімен бірлесе Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен аймақтың дәстүрлі әнші, термешілеріне арналған шеберлік сағаты өтті
Шеберлік сағатын республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Талғат Молдағалиев өткізді.
Аталмыш іс-шара аймақтық деңгейде өтті, шеберлік сағатына Қарабалық, Федоров аудандарының әнші, термешілері қатынасты.
Іс-шара алдағы 2023 жылғы облыстық деңгейдегі байқау, фестивальдерге дайындық.
Шеберлік сағатының соңында қатысушы өнерпаздарға қатысқаны үшін Сертификаттар беріліп, ал өткізген Талғат Назарханұлына алғыс хат табысталды.
Бірлесе ұйымдастырған Қарабалық мәдениет үйіне алғыс білдіреміз.






