altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI телеарнасы: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САТИРА ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
29.04.2021
1770
0

 

Тобыл төрінде уытты сатирик, белгілі этнограф-ғалым, өзіміздің жерлесіміз Сейіт Кенжеахмет атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-ысқақ театрларының фестивалі өтті. Осы шараның алдында облыстық өңірлік коммуниациялар қызметінде арнайы баспасөз мәжілісі ұйымдастырылды. Фестивльге белгілі сатирик Көпен Әмірбек пен Сейіт Кенжеахметтің қызы Зәмзәгүл Кенжеахметова арнайы келген еді.
 

Бұл әзіл-ысқақ мерекесі облыста осымен екінші рет өткізіліп отыр. Тұсауы 2019- жылы Арқалық қаласында кесілген болатын. Ол кезде сынға түскен ұжымдардың дені өзіміздің өңірден еді. Биыл фестиваль ауқымы кеңейіп, қатысушылардың саны артқан. Атап айтсақ, осы жолы өнер додасына Алматы, Жамбыл, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарынан барлығы 10 театр қатысып отыр.
 

Фестиваль екі күнге ұласты. Қатысушыларға бірінші күні берілген тапсырма – Сейіт ағамыздың сатирасын сахналау, сын садағынан серпілген сықақтарын нақышына келтіре орындау. Екінші күні әрбір театр өз шеберлігін еркін тақырыпта байқатты. Тұтас елге танымал тобылдық тұлғаның туған жерінде осындай өнер додасының кезекті мәрте  ұйымдастырылып жатқанына қаламгердің қызы ризашылығын білдірді.
 

Біз бұл фестиваль арқылы Сейіт ағайдың сатиралық мұрасының насихатталуына жауаптымыз. Сондай-ақ, театрларының қызметін қолдауға, олардың басын қосып, өзара тәжірибе алмасуына, өнерпаздардың шеберлігін шыңдауға түрткі болатынымызға сенім зор деген ой айтты фестивальдің құрметті қонағы Көпен Әмірбек.
 

Байқауда барлық ұжым барын салып бақты. Елге белгілі «Бәке, Сәке», «Екі езу» театрларының тәжірибесі айрықша аңғарылғандай. Арқалық жасөспірімдер театры мен маңғыстаулық «Бостан» ұжымы әртістерінің де өнері осал деуге келмейді. Жамбыл және  БҚО-нан келген театрлар да сатира саңлағы - Сейіттің жерлестерін тәнті етуге тырысты.
 

Додада дарынды әзілкештер автор шығармасының желісінен айнымай, бүгінгінің басты мәселелерін ұтымды жымдастырып, кейбір тұстарда ұтқырлық пен сатира театры әртістеріне тән тапқырлық таныта білді.

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
11.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
«Мөлдір бұлақ» – табиғатқа деген жанашырлық әр азаматтың ісінен басталады!
06.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанада Астана күніне арналған концерт өтті
06.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
6 шілде күні сағат 17:00-де қала ортылығы сахнасында Астана күніне арналған «Астана – жүректің нұры» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті
06.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#Repost - @qostanaitv Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @nashkostanay - Шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтеді
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany - 5 шілде күні «Ұлы дала» жағалауының сахнасында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – жанымыздың үні» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany - Шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтеді. Қазақтың қасиетті қара домбырасы – халқымыздың жан дүниесін, тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан киелі мұра. Ұлттың рухын асқақтатып, елдік болмысымызды айшықтайтын қос ішекті аспап бүгінде ұлттық нышандарымыздың біріне айналған
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
5 шілде күні сағат 17:00-де «Ұлы дала» жағалауының сахнасында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – жанымыздың үні» атты концерттік бағдарлама өтті
03.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Астана – елдіктің асқақ тұғыры!
03.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» этнографиялық қазақ халық аспаптар ансамблі Арқалық қаласында өткен Ұлттық домбыра күніне орай «Тобыл–Торғай күйлері» облыстық күйшілер байқауына қатысып, өңір өнерінің мерейін үстем етті
02.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Домбыра – халықтың жаны, Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы!
29.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Еліміздің бас қаласының мерекесіне арналған салтанатты концертке шақырамыз! 6 шілде | 17:00 Қостанай қаласы City орталығы (сахна) Астана күніне арналған мерекелік кеште сіздерді күтеміз!
29.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақ халқының ұлттық өнері мен рухани мұрасының символы – домбыраға арналған мерекелік концертке шақырамыз! 5 шілде | 17:00 «Ұлы дала» жағалауы (Ғашек көшесі) Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеште сіздерді күтеміз!
29.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Ивушка» халық хорының жетекшісі Николай Берлимовтың басшылығымен ұжым халықаралық «Мелодия лета» өнер және шығармашылық байқауында кезекті рет жеңіске жетті. Байқау қорытындысы бойынша ұжым I дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды. Ал хор жетекшісі Николай Берлимов қатысушыларды жоғары деңгейде дайындағаны және шығармашылық жобаның дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
26.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
26 маусым күні сағат 17:00-де Қала орталық сахнасында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Біз өмірді таңдаймыз!» атты концерт өтті
26.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 маусым күні сағат 11:00-де қаладағы №3, №10, №13, №18 және №103 бағыттағы автобустарда Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, Домбыра» атты интерактивті бағдарлама өтті
25.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2026 жылғы 25 маусым күні сағат 17:00-де бекітілген жоспарға және KPI көрсеткіштерін орындау аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына арналған көшпелі концерт Алтынсарин ауданы Б. Чураков ауылында өткізілді
25.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Қостанай қаласының журналистерімен кездестім
25.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_polisia_basqarmasy -  В честь Дня казахстанской полиции в Управлении полиции города Костаная состоялось торжественное мероприятие
25.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TAŃY: Қостанада Астана күніне арналған концерт өтті
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
06.07.2026
#Repost - @qostanaitv Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
06.07.2026
Астана – елдіктің асқақ тұғыры!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
03.07.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру