Қостанай ауданындағы «Алтын дән» мәдениет үйінің жанынан «Шаңырақ» аты жаңа өнер орталығы ашылды. Мұндағы мақсат – аудан өнерпаздарының басын қосып, ұлттық мәдениетімізді кеңінен насихаттау. Облыстық мәдениет басқармасы қолдауымен жүзеге асқан жобаның салтанатты ашылу рәсіміне тілшіміз куә болып қайтты.
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен ұлттық өнерді дәріптейтін жаңа орталық жергілікті өнер ұжымдарын бір шаңырақ астына жинады Ұрпақтан-ұрпаққа мирас боп келе жатқан халық мұрасын сақтап қалу мақсатында кешенді жоспар әзірленген.
Жаңа өнер орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту ретінде және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығына орай ашылып отыр. Салтанатты рәсімде «Тұғырлы тұлғалар» атты айдар көрермен назарына жол тартты
Орталық шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың өзара әрекеттесуін, халықаралық және республикалық деңгейде ұлттық өнердің түрлі жанры бойынша іс-шара ұйымдастыруды көздейді. Сондай-ақ, Тобыл өңірінде тұңғыш ашылған «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының жұмысын ілгерілетуге де ықпал етпек.