ДК нұсқасы
Установить приложение
Әншіге қолдау танытып, шығармаларынан сусындауға жақындары, әріптестері мен тыңдармандары жиналды. Жерлесіміз жанды дауыста жағымды музыка мен әсем әндерін орындап, халықтың қошеметіне бөленді. Концерттік бағдарламада отандық және шетелдік композиторлардың әндері шырқалды. Әуелі әнші гитарамен ән салып, одан кейін эстрадалық туындыларды орындады. Соңынан Серік Әбілев қазақ аспап оркестрімен бірге жиналған жұртшылықты тамсандырды.