altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Өңірде «Дерт» толықметражды көркем фильмінің түсірілімі басталады
14.09.2026
180
0
Қостанайда үлкен киноның жаңа қозғалысы басталады. «Дерт» толықметражды драмалық көркем фильмінің негізгі түсірілім тобы бүгін Тобыл топырағына табан тигізді. Қонақтарды жергілікті қауым теміржол вокзалы басынан сән-салтанатымен күтіп алды.
 
«Дерт» фильмі 28 CINEMA және NEXT SCENE компанияларының бірлескен өндірісінде, Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен түсіріледі. Жобаның түсірілімі Қостанайда және жалпы облыс аумағында өтеді. Жұмыс бір айға жуық уақытқа созылмақ. Жоба авторларының айтуынша, өңір – фильм үшін жай ғана түсірілім алаңы емес, оқиғаның атмосферасын айшықтайтын маңызды көркем кеңістік. Тобыл-Торғайдың дархан даласы, алтын астығы жайқалған алқаптары, табиғи ландшафты, қала сәулеті мен тыныс-тіршілігі фильмнің визуалды әлеміне арқау болады. Өңірдің табиғаты мен өзіндік болмысы картина оқиғасының тереңірек ашылуына ықпал етіп, экран арқылы Қостанайдың ерекше келбеті кең аудиторияға танылғалы отыр.
 
— «Біраз жерде түсіреміз. Ертең, алдымен, Қостанайға келуімізге себеп болған егін алқаптарынан бастасақ деп отырмыз. Осы өңірге келуіміздің басты себебі де сол. Сұлбасын құрған кездегі басымызға келген алғашқы сахна. Басты кейіпкер негізгі көлемді монологын бидай танабында, комбайнда оқуға тиіс. Бұл жақ бізге бөтен болмағандықтан, таңдауымыз бірден осы облысқа түсті. Дәнді даладан бөлек, қала ішінде де алдын ала таңдалған локациялар өте көп. Көшелерде, әлеуметтік және мәдени нысандарда, сондай-ақ сценарийге сәйкес таңдалған басқа да алаңдарда жалғасады», – дейді сценарий авторы әрі қоюшы режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Назгүл Қарабалина.
 
Әуел баста фильм сценарийін Төлен Әбдіктің бір шығармасы желісімен түсіру көзделіпті. Кейін сюжеттер өзгере келіп, өз алдына бөлек шығарма түзілген. Үлкен драма тағдыр мәселесін арқау етеді. Екі дос арасындағы айтылмай қалған сырдың, қилы жағдайдың салдарынан туындаған оқиғалармен өрбиді. Бала кездерінде белгілі бір себеппен жолдары қақ жарылған, көп жыл бір-бірін кінәлап келген ескі достардың басы көп жылдан кейін қайта түйіседі. Шым-шытырық туынды қазақ киносының қоржынына олжа болып қосылғалы отыр. Тағы бір айта кетері – ауқымды киножоба өңірдегі шығармашылық қозғалыстың жандануына да жаңа серпін. Түсірілім барысында жергілікті мамандарды, шығармашылық өкілдерін, кәсіпкерлер мен қызмет көрсету саласын жобаға тартуға мүмкіндік туады.
 
— «Фильм түсіріліміне біраз жергілікті актер де тартылады. Ал басты рөлдерді алматылық әртістер ойнайды. Сценарий соларға арналып жазылды. Жергілікті тұрғындар үшін де көпшілік көрініс үшін кастинг жарияланды. Үшінші күн жүріп жатыр. Қызығушылық танытушылар аз емес. Ниетті жандар көбейсе қуанып қалар едік, адамдардың молырақ болғанын қалаймыз. Өйткені кино түсіру күрделі іс. Күллі команданы Алматыдан алып келе алмайсың. Негізгі топтың құрамы да аз емес. Бүгін бізден кейін тағы бір лек әуе жолымен жетпек», – дейді Назгүл Қарабалина.
 
Кино сценарийін жазуға Назгүл ханымнан бөлек, Баян Кажнабиева және Жансерік Берікұлы атсалысқан. Қоюшы оператор — Асылхан Мельдебеков. Ал туындыда елге танымал актерлер өнер көрсетеді. Нақтысында, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды, Олжас Тоғымбет, Шұғыла Ешен және жас актриса Айару Бауыржан негізгі рөлдерге таңдалған. Айта кетейік, ерлі-зайыпты Назгүл Қарабалина мен Азамат Сатыбалды Тобыл өңіріне бөтен жандар емес. Фильм түсіруге алғаш рет келіп тұрғанымен, мансабын Қостанай қаласында бастаған актерлер еді. І.Омаров атындағы қазақ драма театрының алғашқы қарлығаштары еді. Енді тұңғыштар мекеніндегі бірінші туындысын қалың қазақ назарына ұсынуға қадам жасап отыр. Түсірілім тобын қарсы алуға барған облыстық Көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев лебіз айтып, жобаға сәттілік тіледі.
 
— «Ауқымды жоба аясында өңірімізге келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Ойлаған мақсаттарыңызға жетіңіздер. Тобыл төрінде кезекті бір тамаша туынды тұсауының кесілгелі отырғаны баршамыз үшін ерекше қуаныш. Ғұмыры ұзақ, көрермені көп киноға айналсын. Істеріңізге сәттілік!» – деп ілтипат білдірді Дәмер Қалқаев.
 
Жоба Қостанай облысының мәдени, туристік әлеуетін көрсетуге, өңірдің жағымды имиджін қалыптастыруға және болашақта басқа да отандық әрі халықаралық киножобалардың назарын бұрдыруға ықпал етеді деген үміт бар. Қалың көрермен өлкеміздің көркем табиғатын, шырайлы шаһарын және өңірдің өзіне ғана тән ерекше атмосферасын жаңа қырынан таныры сөзсіз. «Дерт» фильмі жергілікті жастардың да кино өндірісіне деген құлшыныс-қызығушылығын арттыруға жол ашса кәне?!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.Жүсіпбек
Суреттерді түсірген – Василий Васильев
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру