altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
НК: Елім деп соққан жүрек. Көрнекті ақын және қоғам қайраткері Ақылбек Шаяхмет жөнінде
02.08.2026
82
0
Бәлкім тағдырдың жазуы шығар, Алматыдағы қазіргі Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің журналистика факультетін тәмамдаған соң еңбек жолымды Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газетінде бастадым. Қазір қарап отырсам, содан бері арада қырық бес жылдай уақыт зырылдап өте шығыпты.
 

Қостанайдағы ардақты ағам
 
Жасыратын ештеңесі жоқ, бұрын бейтаныс өңірге сіңісіп кету де оңайға соққан жоқ. Мұнда жаңа ортаға тез бейімделуде алдыңдағы әріптес ағалардың алар орны бөлек. Сондай тәжірибесі мол, өмір көрген қаламгердің бірі – бүгін сөз еткелі отырған Ақылбек Шаяхмет. Ол сол жылдары облыстық радиода қызмет атқаратын. Оның поэзиясына студенттік шақтан қанықпын. Терең ойға жетелейтін өлеңдері республикалық беделді басылымдарда жиі жарық көретін. Сол кездің өзінде кейіпкерім елге әбден танылып қалған дарынды ақын еді.
 
Арада уақыт сынаптай сырғып өте берді. Журналист ретінде түрлі деңгейдегі жиындарда кездесіп жүрдік. Рухани үндес болған соң тонның ішкі бауындай араласып, сыйластығымыз арта түсті.
 
Міне, осынау арамыздағы кейінгі інілеріне қай жағынан болсын өнеге көрсеткен көрнекті тұлға биыл 75 жасқа толды. Бұл оның нағыз кемеліне келген кезі емес пе. Өзім оның өмір жолына, қызметтегі және шығармашылықтағы жеткен табыстарына бір кісідей жетікпін.
 
Ақылбек Қожаұлы 1951 жылы маусым айында Жітіқара ауданында туып өсті. Ардақты әкесі шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз еді. Бұл жастайынан білімге, жалпы руханиятқа құштарлық танытты. Әке-шешесі балаларын ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа баулыды.
 
Сол жылдардың өзінде бұның бойында сөз өнеріне деген ерекше талпыныс пайда болған-ды. Болашақ қаламгер әлемде болып жатқан өзгерістерді жүрек сүзгісінен өткізетін талантты ақын атану үшін өмірді тану қажет екендігін ерте ұқты. Ауылда кәдімгі шопанның көмекшісі болып еңбек етті. Қой бағудан өзіндік қиындықтары бар екендігі белгілі. Сондықтан қарапайым мамандық иелерінің тыныс-тіршілігін соның басы-қасында жүріп, шын мәнінде сезінді.
 
Бірақ оның алдында қалай да журналист болсам деген асыл арман тұрды. Аталмыш кезеңде С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінде бұл мамандықты даярлайтын факультет республикамызда жалғыз ғана еді. Сондықтан талапкерлер қатары көп-ті. Бір орынға оннан астам адам келетін. Ол аздай, алдымен шығармашылық байқауға қатысуың керек-ті. Сонау Қостанайдан барған бозбала сынақтың бәрінен зерделілігінің арқасында сәтті өтті.
 
Дарынды жас жігіт осы жоғары оқу орнымен шектеліп қалған жоқ. Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы әдебиет институтында да оқыды. Бұл жердің оған бергені мол. Кешегі ауылда өскен қазақтың баласы алғырлығынан да болар, алып Одақтың түкпір-түкпірінен келген жастардың арасында алғы шептен көрінді.
 
Онда орыстың белгілі ақыны әрі прозашысы, аудармашысы Владимир Цыбиннің семинарына қатысып, баға жетпес тағылым алғаны әлі есінде. Осындай біртуар қайталанбас тұлғалардан өнеге алған ақын әлгі институтта дипломдық жұмысын үздік бағамен қорғап шықты. Ондағы бірге оқыған қимас достарымен әлі күнге дейін сыйласып, бір-біріне шалғайда жүрсе де тілектестік білдіріп жатады.
 
Ол туған жерге туын тіккен нағыз ұлтжанды азаматтың бірі. Қос дипломды қаламгер өзінің журналистік еңбек жолын Қостанай облысына қарасты Әулиекөл аудандық қос тілде шығатын «Знамя победы» («Жеңіс туы») газетінде бастады. Ұжым қабілетті де ізденімпаз маманды жылы қабылдады. Редакциядағы әдеби қызметкер әрі аудармашылық жұмысты бірден алып кетті.
 
Қолына қалам ұстап, ғұмырын баспасөз саласына арнаған жұрт аудандық басылымның журналист үшін қандай шыңдалу мектебі екендігін жақсы біледі. Өйткені, халықпен, түрлі тағдыр иелерімен етене араласып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын өз құлағыңмен естіп, көзіңмен көресің. Осылардың бәрі де сайып келгенде, бойында табиғи дарын мен суреткерлік қабілеті бар адамның болашақта жазылар деректі немесе көркемдік қуаты мол шығармаларына арқау болары даусыз.
 
Ақылбек Қожаұлы шеберлігі шыңдалып, өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан жылдары талай ел мақтанышына айналған біртуар журналистерді тәрбиелеген Алматы облыстық «Жетісу» газетінде қызмет атқарды. Сондай-ақ Қостанайдағы Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлиндер бастауында тұрған бұрынғы «Коммунизм таңы» (қазіргі «Қостанай таңы») басылымында бөлім меңгерушісі болып, ана тіліміздегі газеттің халық арасында кеңінен танылып, оқырманның артуына айтарлықтай үлесін қосты. Қаншама әдебиетке құштар жастардың алғашқы тырнақалды туындыларының жарық көріп, қанаттарының қатаюына ықпалын тигізді.
 
Олардың бәрі де мұны ұстаз тұтып, қамқорлық танытқаны үшін ыстық ықыластарын білдіріп жатады.
 
 
Қазақ тілінің нағыз жанашыры
 
Қостанайлық зиялы қауым Ақаңды ұлтжанды азамат, қоғам қайраткері, от ауызды, орақ тілді, рухы биік, қайтпас қайсар тұлға ретінде де жоғары бағалайды. Ол кезінде лауазымды мемлекеттік қызметтерді де атқарды. Облыстық «Қазақ тілі» қоғамына басшылық етіп, тілдің мәртебесінің асқақтап, қолдану аясын кеңейтуге белсене атсалысты. Өзі өзгелерге өнеге көрсетіп, балаларының бәрін қазақ мектебіне берді. Мұны жергілікті замандастары да ұмыта қойған жоқ.
 
Сондай-ақ өңірдегі жер-су атауларының қайтарылуына, қазақ мектептерінің ашылуына айтарлықтай үлесін қосты. Дін жанашыры ретінде имандылық тақырыбына байланысты қаншама құнды дүниелер жазды.
 
Көрнекті қаламгер қандай жұмыс атқармасын ұлттық және ел мүддесін жоғары қойды. Өз ұстанымына берік, тік мінезді, әрдайым әділдік пен шындық жағында тұрады. «Тура биде туыс жоқ» демекші, осы қайсарлығы мен өжеттігі кейбіреуге ұнамай қалуы да мүмкін.
 
Әріптесім көп қырлы дарын. Ол тек ақын, жазушы, көсемсөзші, драматург ғана емес, талай шәкіртті түлетіп ұшырған білікті ұстаз әрі ғалым. Өзінің алдынан дәріс алған шәкірттері кең байтақ еліміздің барлық өңірлерінде аянбай еңбек етіп жатқандығын білеміз.
 
Қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетінде профессор, филология ғылымдарының кандидаты. Студент жастар іздеп жүріп оқитын ғылыми монографиялар мен әдістемелік оқу құралдарының авторы ретінде де танымал.
 
Оның қаламгерлік қарымы мен тынымсыз ізденісіне қысқаша тоқталатын болсақ, жазушы осы уақытқа дейін 70-тен астам кітап жазды. Оның ішінде поэзиялық, прозалық, публицистік және басқа да жанрлардағы еңбектері бар. Балалардың таным-түйсігіне лайықты дүниелері де өз алдына бір төбе.
 
Кітап демекші, ақынның айтулы мерейтойы қарсаңында елордамыз Астанадағы «Фолиант» баспасынан он төрт томдық шығармалар жинағы жарық көріп, сөз зергерінің мәртебесін асқақтатты. Оқырман жинақтан Ақаңның таңдаулы туындыларын оқи алады.
 
Талғампаз қауым Ақаңды көрермендерін терең ойға қалдырған драматург деп те біледі. Оның қаламынан туған пьесалары көрерменнің көңілінен шығып, ерекше ілтипатқа ие болды.
 
Мәселен, ел мақтанышы Ақсұлу Орысбайқызына арналған «Ақсұлу» тарихи драмасы Қазақ радиосының алтын қорына қабылданғаны қалың жұртшылыққа белгілі.
 
Жергілікті халық драматургтың бірқатар шығармаларын Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында тамашалап, шын жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдірді. Өнер ордасының үлкен сахнасында қойылған «Таза бұлақ», «Өкініш», «Шоқанның шері», «Еңбек ер атандырады» деп аталатын спектакльдері ұмытылмас әсер қалдырды.
 
Сонымен қатар Қостанайдағы орыс театрының әртістері «Ыбырайдың өсиеті» туындысын көрерменге шеберлікпен ұсынып, негізгі көздеген идеясын жүректерге жеткізді. Шымкенттік талғампаз қауым да Ақаңның шығармашылық ізденісіне ыстық ықылас танытты.
 
Ақылбек Қожаұлының жазған көркем туындылары мен көсем сөздері көтерілген өзекті тақырыптарымен құнды. Жыр шумақтары әсем әндерге сұранып тұрады.
 
Сөзім жалаң болмас үшін нақты мысалдарға жүгінгенім жөн болар. Ақынның осыдан біраз жыл бұрын «Қостанайым» деген өлеңіне жергілікті сазгер Дәмер Қалқаев ән жазған еді. Бұл құлақтан кіріп, бойды алар туындыны Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Арыстан Құрманов аса шеберлікпен орындап, халық арасында кеңінен таралып кетті.
 
Сондай-ақ қазақ эстрадасының жұлдызы Заттыбек Көпбосынов та ақынның сөзіне жазылған «Әдемі» әнін орындап, республикамыздағы қалың жұртшылықты тәнті етті. Басқа да елге танымал композиторлар Ақаңмен тығыз байланыста жұмыс істейді.
 
 
Еңбегіне қарай құрмет
 
Көрнекті ақынның қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі. Сондай-ақ, Махмұт Қашқари атындағы түрік әлеміне сіңірген еңбегі үшін «Алаш» халықаралық әдеби сыйлықтарының лауреаты, Қостанай облысының құрметті азаматы.
 
Үстіміздегі жыл шын мәнінде Ақылбек Шаяхмет үшін берекелі де мерекелі болды десек артық айтқандық емес. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тікелей қолдауы және қатысуымен елордамыз Астанада шығармашылық кеші өтті. Мен бұл арада бірқатар аудандар мен қалаларда ұйымдастырылған жиындарды тілге тиек етіп отырған жоқпын.
 
Биыл Қостанай шаһарындағы басқосудың халықаралық маңызға ие болғаны айдан анық. Өйткені, «Туған жердің тарланы» деп аталатын әдебиет пен өнердің рухани салтанатына есімдері көпке белгілі тұлғалар арнайы келді.
 
Онда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізіп, қаламгерге деген ерекше құрметтің жарқын айғағындай «Алтын барыс» төсбелгісін табыс етті.
 
Сонымен қатар мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Түрксой» халықаралық Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, бауырлас Әзірбайжан мен Қырғызстанның жазушылары Ильгар Тюркоглы мен Жолдошбек Монолдоровтар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын жасады.
 
Өңір басшысы Құмар Іргебайұлы талантын барша еліміз мойындаған біртуар ақынға жеңіл көліктің кілтін тарту етіп, мәртебесін көтерді. Осынау шығармашылық кеште әуелете ән де шырқалып, қаншама ізгі тілектер айтылды. Көрермендер залдағы көрмеге қойылған Ақаңның еңбектерін тамашалап, дүниетаным көкжиектерін кеңейтті.
 
Бір айта кетер жай, қаламгердің жоғарыда тілге тиек етілген жетпіс кітабына жақында тағы да үш кітап қосылды. Бұлар балаларға арналған «Ақылды ара», «Көңілдегі көрікті сөздер», әзірбайжан тіліне аударылған «Құлып туралы ақиқат» деп аталатын құнды дүниелер.
 
Қаламгер қашанда оқырманымен бақытты. Ақылбек Қожаұлының шығармашылығымен жақсы таныс әрі оған ерекше құрметпен қарайтын Даниярбек Сүттібаев былай деп сыр шертеді:
— Ақылбекті көптен бері білемін. Оның бойынан қазақы қасиеттер молынан табылады. Кез келген ортада ойын бүкпей ашық айтады. Ол табанды әрі өткір де азулы. Жастар сарайындағы кештен рухани ләззат алмаған адам жоқ шығар. Жерлестері оның ақындығын, қайраткерлігін, азаматтық болмысын жоғары қояды.
 
Осы сөзімнің дәлеліндей филармонияның концерттік сахнасында Ақаңның құшағы гүлге толды. Құттықтаушылар саны да көп болды. Ғұмырлық серігі Бақытқан апамызбен үлкен әулетке айналды. Ұлдары мен қызынан немере, шөберелер сүйді. Одан артық қандай бақыт пен абырой болушы еді.
 
 
Оразалы ЖАҚСАНОВ,
сурет ғаламтордан алынды
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайдың қала күні – әсем ән мен көтеріңкі көңіл күйге толы
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
15 тамызда сағат 21:30-да облыс әкімдігі алаңында «NE PROSTO ORCHESTRA» симфониялық оркестрі жарқын өнер көрсетті
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
15 тамызда сағат 21:30-да облыс әкімдігі алаңында қазақстандық эстрада жұлдызы Alem жарқын өнер көрсетті
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Қала күні құтты болсын, Қостанай! Туған қаламыз көркейіп, дами берсін!
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
15.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026, 2-КҮН
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany - Қостанайда қаланың 147 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанай қашан да ыстық: Қонай тұрғындары
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
18.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
16.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
16.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026, 2-КҮН
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.08.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру