altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: «Театрдан кейін жан тыныштығын домбырадан табамын»: жарты ғасыр бойы ұлттық аспапқа жан бітіріп жүрген Қабдол-Мәжит Иманов
14.07.2026
321
0
Бірі оны театр сахнасынан таныса, енді бірі шебердің қолынан шыққан домбыраның үнінен таниды. Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, актер әрі домбыра шебері Қабдол-Мәжит Иманов үшін театр мен домбыра – өмірінің ажырамас қос арнасы.
 
Қырық жылдан астам уақытын театр өнеріне арнаған Қабдол-Мәжит Имановтың тағы бір өмірлік серігі – домбыра. Ол бұл өнермен елу жылдан бері айналысып келеді. Театрдағы қызу жұмыстан кейін де қолына қашауын алып, ағашқа жан бітіруді өзіне тынығудың ең ерекше жолы санайды.
 
«Домбыра жасаумен айналысып жүргеніме елу жыл болды. Өзім театрда актермін. Театрдан шаршап келгенде домбыра жасап отырып демаламын. Егер көп уақыт қолыма алмай кетсем, оны сағынамын. Домбыраға қайта айналып келе беремін. Домбыра – қасиетті аспап», — дейді шебер.
 
Оның әр домбырасы — жай ғана музыкалық аспап емес, қолөнердің, ұлттық танымның және шеберлік дәстүрінің жемісі. Қабдол-Мәжит Имановтың айтуынша, сапалы домбыра жасау үшін әр ағаштың табиғатын жетік білу қажет. Бет қақпағына көбіне шырша қолданылса, шанағы мен мойнына қызыл ағаш, қара граб секілді қатты ағаш түрлері таңдалады. Кейбір материалдар Түркиядан арнайы алдырылады. Себебі шебер үшін ең маңыздысы – домбыраның табиғи үні мен сапасы.
 
«Домбыра – жай ғана аспап емес. Ол – қазақтың тарихы, рухы, мінезі мен көңіл күйі. Әр домбырадан ұлттық болмыс сезіліп тұруы керек», – дейді ол.
 
Қабдол-Мәжит Сүндетұлы Иманов 1957 жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауданындағы Шұңғай ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Алматы театр-көркемсурет институтын (қазіргі Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) тәмамдап, еңбек жолын Махамбет атындағы Атырау қазақ драма театрында бастаған. Кейін Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында ұзақ жылдар қызмет атқарып, жүзге жуық сахналық образды сомдады. Қазақ театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін 2005 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.
 
QOSTANAI CREATIVE CULTURE жәрмеңкесіне алғаш рет қатысқан өнер иесі Creative Aimaq жобасының ұлттық өнерді дамытудағы маңызын ерекше атап өтті.
 
«Бұл – өте маңызды жоба. Ұлттық өнерді, қолөнерді және шеберлердің еңбегін халыққа кеңінен танытуға үлкен мүмкіндік береді. Осындай игі бастаманы қолға алған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін», – деді ол.
 
Жәрмеңкеде Қабдол-Мәжит Имановтың қолдан жасаған домбыралары келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бірі олардың үнін тыңдап көрсе, енді бірі шебердің қолтаңбасына тән нәзік өрнек пен сапасына сүйсінді. Осылайша, ұлттық аспаптың ғасырлар бойы үзілмеген дәстүрі бүгінгі күнмен үндесіп, қазақ қолөнерінің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
 
Қабдол-Мәжит Имановтың өмір жолы бір ақиқатты аңғартады: өнердің шегі жоқ. Театрда көрерменге кейіпкердің жанын жеткізген актер, шеберханада ағашқа жан бітіріп, домбыра арқылы ұлттың үнін келер ұрпаққа аманаттап келеді.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру