altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: «Алтын домбыра» алғаш рет Qazaq Creative Hub-та көпшілікке ұсынылды: Айбек Қалиев тарихи жәдігерді Астанаға алып келді
14.07.2026
305
0
Қазақ айтыс өнерінің ең қастерлі марапаты саналатын «Алтын домбыра» алғаш рет елордалықтардың көзайымына айналды. Qazaq Creative Hub алаңында өткен QOSTANAI CREATIVE CULTURE креативті жәрмеңкесінде көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған дүниенің бірі – дәл осы қасиетті домбыра болды.
 
Қостанай облысының атынан жәрмеңкеге белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері, филология ғылымдарының кандидаты Айбек Қалиев арнайы қатысып, ұлттық өнердің мәні мен руханияттың сабақтастығы туралы ой бөлісті. Ақынның арнауы мен тағылымды әңгімесі жиналған жұртшылықтың зор ықыласына бөленді.
 
Бұған дейін «Алтын домбыра» тек жеңімпаз ақынның өңірінде сақталып келген болса, енді алғаш рет Астана тұрғындары мен қала қонақтары оны жақыннан тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Көпшілік қасиетті домбыраның жанында суретке түсіп, қазақ айтысының ең жоғары марапатын өз көзімен көруге асықты.
 
Сахна төрінде сөз алған Айбек Қалиев Қостанай өңірінің шығармашылық әлеуетін, қазақ өнерінің өміршеңдігін және ұлттық рухтың мәңгілік құндылығын жырға қосты.
 
«Creative Aimaq – ұлттық мұраны жаңа заманның тынысымен үндестірген ерекше жоба. Бұл бастама халқымыздың бай мәдениетін сақтап қана қоймай, оны жастарға жаңа форматта таныстырып, өңірлердің шығармашылық әлеуетін кеңінен насихаттайды. Осындай жобалар көбейсе, ұлттық өнердің де тынысы кеңейе түседі,» – деді ақын.
 
Айбек Қалиевтің айтуынша, 2025 жылғы «Алтын домбыра» өзіне бұйырған сәттен бастап бұл марапатты халыққа көрсету оның азаматтық парызына айналған.
 
«Қостанай облысының атынан келген соң, «Алтын домбыраны» елорданың тұрғындары мен қонақтарына көрсетуге мүмкіндік туғанына ерекше қуаныштымын. Бұрын бұл марапат жеңімпаздың өңірінде ғана сақталатын. Енді оны халық өз көзімен көріп, ұлттық өнердің қасиетін тереңірек сезіне алады. Бұл – айтыс өнерін насихаттаудың жаңа қадамы,» – деді ол.
 
Айбек Қалиев – қазақ айтыс өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі. Ол 1978 жылы Торғай өңірінің Тәуіш ауылында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін үздік тәмамдап, ұзақ жылдар бойы ғылым мен білім саласында еңбек етіп келеді. Ақындық пен ғалымдықты қатар алып жүрген ол бүгінде ұлттық руханияттың жанашыры ретінде көпшілікке кеңінен танылған.
 
Creative Aimaq жобасы еліміздің түкпір-түкпіріндегі қолөнершілерді, дизайнерлерді, суретшілерді, зергерлерді, креаторлар мен өнер иелерін бір алаңға тоғыстырып, өңірлердің шығармашылық әлеуетін танытуға бағытталған. Ұлттық мұраны заманауи форматпен ұштастыратын бұл бастама мәдениет пен креативті индустрияның жаңа мүмкіндіктерін ашып келеді.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру