altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Арқалықта бір мезгілде 1000 домбырашы күй тартты
04.07.2026
456
0
Арқалық қаласының орталық «Наурыз» алаңында Ұлттық домбыра күні және Арқалық қаласының 70 жылдығына арналған «Күй құдіреті-домбыра мен қобыз» атты мерекелік іс-шара салтанат құрды.
 
Домбырашылар ұлттық күй өнерінің алтын қорына енген 6 күйді бір мезгілде орындады. Олар: «Алаш Аманаты», Сейтек «Тойбастар», Халық күйі «Жастар», Б. Әбенов «Желдірме», Құрманғазы «Балбырауын», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлері.
 
1000 домбырашы және 26 қобызшы өнер көрсеткен салтанатты іс-шарада қала халқы мен қонақтарын мерейлі мерекемен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады.
 
— «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Домбыраны ұлықтау арқылы біз төл өнерімізді төрге оздырамыз» деп атап өтті. Ата-бабамыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау – нағыз отаншылдықтың көрінісі. Бүгінде домбыра аспабының қос шегі секілді үйлескен Торғай мен Тобылдың қос арнасы барша қазақ елімен бірге бірауыздан жаңа Ата заңды қолдады. Болашаққа зор сеніммен қарайды. Жаңа Конституция жаңа Қазақстанның даму кезеңін айқындайтын тарихи құжат. Президенттің «Торғай аймағының дамуы үкіметтің айрықша назарында болуға тиіс» деген сөзі өңірдің келешегіне берілген нақты бағдар. Бүгінде осы тапсырманы орындау аясында Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың бастамасымен Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда», – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы.
 
Ол өзінің құттықтау сөзінде домбыраның қадір-қасиетіне де арнайы тоқталды.
 
— «Домбыра — қазақ халқының төл болмысына, дүниетанымын, тарихы мен тағдырын ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті мұра. Күй — халқымыздың шежіресі, ал домбыра мен қобыз сол шежірені сөйлеткен киелі аспаптар. Сондықтан, ұлттық өнеріміздің алтын қазығы домбыра мен қобызды ұлықтайтын бүгінгі мереке жаңа дәуірдің рухымен үндесіп отыр. Тобыл – Торғай өңірі өнер майталмандарына кенде емес. Тарихымыздан белгілі Тәтіқара жырау, Тілеп қобызшы, Наушабайдың Нұржаны, Басықараның Қанапиясы, Нұрхан Ахметбеков, Мұхамеджан, Қазыбек Әбенов, Елубай Өмірзақов, Байқоныс, кешегі Абай Әмірханов, Назымбек Молдахметов қатарлы саңлақтарды өмірге әкелген қасиетті мекен. Осы тұлғалардың ізін жалғаған кейінгі өнерлі буын аймағымыздың атағын асқақтатып жүр», – деп атап өтті Бақытжан Нарымбетов.
 
Салтанатты шақта қала әкімі Әмірхан Асанов домбырашылар мен демеушілерге сый-құрмет көрсетті.
 
«Күй өнерінің өркендеуіне және оның насихатталып дамуына зор үлес қосқаны үшін «Күйшілер Одағы» РҚБ Құрмет грамотасы ҚР Мәдениет қайраткері Бораш Әбеновке табыс етілді. Сондай-ақ «Ең жас күйші» номинациясымен — №4 Кейкі батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің 2 сынып оқушысы Абулла Сәбитбек, «Ең қарт күйші» номинациясымен — Бейсембай Ержанов, «Домбыра достығы» номинациясымен — Илья Васильев, «Күй керуенін жалғаған отбасы» номинациясымен – Бектұрсыновтар отбасы марапатталып, қала әкімінен «Алғыс хат» алды.
 
Бораш Әбенов,
Мың домбыра жетекшісі, Құрмет Орденінің иегері, Арқалық қаласының құрметті азаматы:
 
— «Қаламыздың 70 жылдығына байланысты бүгінгі күні мың домбыраны шығарып отырмыз. Биыл бесінші жыл қаламызда осы үлкен көлемді іс-шараны өткізіп жатырмыз. Домбырашыларымыз жақсы дайындықтарын көрсетіп, елдің есінде қаларлықтай деңгейде өтті деп есептейміз. Табиғат ана да күні бойы нұрын төгіп, нақ домбыра үні естілер шақта аспан шайдай ашылды. Мың домбыра сияқты іс-шараның халыққа берері көп. Бұл біле білген жанға үлкен кәде. Өйткені домбыра — бұл қазақтың өмірі, бұл қазақтың дәстүрі, бұл қазақтың болмысы».
 
Айбек Қалиев,
Айтыс ақтаңгері, «Алтын домбыра – 2026» иегері:
 
— «Арқалық қаласы домбыра деген сөздің синониміне айналып бара жатқан сияқты. Өйткені жыл сайын осы домбыра күнін ерекше қарсы алатын Арқалық қаласындай қала кемде кем. Жыл сайын мың домбырашы жиналып, бес күй, жеті күй ойнап, арқаның даласын дүбірлетіп жатады. Мұны көзбен көріп, құлақпен есту керек. Домбыраның үні деген керемет. Мың домбырашы қатар тартқан кезінде тыңдаған жан керемет әсерде болады. Биыл да қаланың 70 жылдығына арнап мың домбырашы шығып, алты күй орындады. Домбыраны ұлықтау — бұл бізде дәстүрге айналып кетті. Қазақтың домбырасын Арқалық сияқты қадірлеп, қастерлейтін қалалар қазақ елінде көбейе берсін».
 
Мақсұтбек Бөлтірік,
Мың домбыраға қатысушы:
 
— «Мың домбыраға Арқалықта басталғаннан бері қатысып жүрмін. Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы. Біз Бөлтірік әулеті әуелден отбасымызбен домбыра тартамыз. Бойымызға ата-бабадан қанмен тараған. Қазір зейнеткермін. Қаламыздағы білімнің қарашаңырағында көп жылдар аға оқытушы болып еңбек еттім. Өзім жастық шағымда мектеп қабырғасынан бастап үйірмелерге, ансамблге, оркестрге қатыстым. Елге тілер тілегім, еліміз, Арқалығымыз гүлдене берсін. Қаланың қазіргі тыныс-тіршілігі жақсы. Адамдарында бауырмалдық сезіледі. Бұл жерде қаймағы бұзылмаған қазақтар тұрады. Жастарымыз бақытты, білімді болсын».
 
Фарида Әбдікәрімова,
Көрермен, зейнеткер:
 
— «Бүгінгі кешіміз тамаша сауықпен өтті. Домбыра мен қобыздың үнін естіп бір жасап қалдық. Халқымыздың күйлері орындалып, көңілімізден шықты. Әрдайым ел-жұртымыз аман болып, халқымыздың өнері өрістей берсін. Көркейген Арқалығымыз онан сайын көркейіп, жаңа дәуірдің ұлы көшіне ілесе берсін».
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру