altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Темір тұлпар, төсбелгі, талантқа тағзым… Тобыл төрінде Серік ақынның мерейтойы өтті
01.07.2026
431
0
Бүгін Қостанайда көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлының 80 жылдығына арналған кеш өтті.
 
Алаштың ақжал ақыны, сексеннің сеңгірін бағындырған даңқты жерлесіміз Серік Тұрғынбекұлының мерейтойы елорда төрінде басталып, туған жерінде жалғасын тапты. Бірер күн бұрын ғана кіндік қаны тамған киелі өлке – қарт Торғай төсінде дүбірлі думаны өткен еді. Міне, бүгін Қостанай қаласында атын ардақ тұтқан ағайынның ерекше құрметіне бөленді. Өнерсүйер жұрт өңірдің әр түпкірінен жиналып, Жастар сарайын лық толтырды.
 
Көрікті кештің кіріспе сөзін облыс әкімі Құмар Ақсақалов алып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын оқып берді.
 
«Сіз көрнекті қаламгер ретінде шоқтығы биік шығармалар мен тағылымы мол туындылар жазып, қазақ әдебиетін дамытуға зор үлес қостыңыз. Драматургия мен аударма жанрында өзіндік қолтаңбаңызды қалдырып, ұлт руханиятына қалтқысыз қызмет еттіңіз. 80 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтай отырып, өзіңізге көп жылғы қажырлы еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін!» – делінген құттықтауда.
 
Өңір басшысы мерейтой иесіне Президенттің алғыс хатын және «Алтын барыс» төсбелгісін тапсырды. Сондай-ақ өзі де ыстық ықыласын білдіріп, ақжарма тілегін айтты.
 
«Қадірлі Серік аға! Сіз өрнекті жырыңызбен ұлттық әдебиеттің көкжиегін кеңейттіңіз. Елге, жерге, ұлт тарихы мен ұлы тұлғаларға арнаған әрбір тағылымды туындыңыз халқымыздың рухани қазынасына айналды. Сіздің өлеңдеріңіз талай әнге арқау болды. 1 наурыз күні туған күніңізбен арнайы құттықтап, елге аман-есен келіп, жерлестерімізбен қуанышыңызды бөлісіңіз деп арнайы құттықтауымды айтып едім. Енді міне, Астана қаласынан бастау алған мерейтойыңыз туған аймағымызда жалғасып жатыр. Аға, сізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! Қаламыңыз мұқалмасын, шығармашылық табысыңыз еселене берсін», – деп жүрекжарды лебізін жолдады облыс әкімі.
 
Осыдан соң Құмар Іргебайұлы аяулы ақынға Тобыл-Торғай азаматтарының атынан сый-сияпат жасады. «КІА Serato» маркалы автокөлік тарту етіп, қазақы дәстүрмен шапан жабу рәсімін жүргізді. Мерейтой иесіне ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қаринның, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың және Вице-Премьер – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның да құттықтау хаттары табысталды.
 
Шығармашылық кеш әсем әуен, әсерлі жырмен көмкерілді. 200-ге жуық әнге сөз жазған ақынның халық жадында жатталып қалған таңғажайып туындылары әуеледі. Қалың көрерменге және мерей иесіне арнап қазақ сахнасының жарық жұлдыздары – Айгүл Қосанова, Нұрболат Арзамас және облыстық филармония өнерпаздары ән шырқады. Ал І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының актерлері дүркін-дүркін дүркіретіп ақын өлеңдерін оқыды.
 
Толығырақ – газеттің алдағы санында.
Суреттерді түсіргендер – Василий Васильев
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру