altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Жітіқарадан басталған жыр жолы
19.06.2026
372
0
Жітіқара ауданында қазақ әдебиетінің, руханиятының көрнекті өкілі, ақын, жазушы, журналист, драматург, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің 75 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш болды. Ақын 17 маусымда дүниеге келген. Дәл туған күнінде, яғни 75 жасын жерлестерімен бірге туған жерінде атап өтті.
 
«Әр мекеннің өз тарихы бар, әр тарихтың өз үні бар. Мен – Жітіқарамын…» деген әсерлі сөздермен басталған композиция көрермендерді өткен жылдарға жетеледі. Қойылымда болашақ ақынның бала кезінен туған жер, ел, адам тағдыры туралы толғанып, қолына қалам ұстаған сәті көркем бейнеленді. Әжесінің «Жүректен шыққан сөз ғана жүрекке жетеді» деген өсиеті ақынның бүкіл шығармашылық жолының темірқазығына айналды.
 
Мерейтой иесін құттықтау үшін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов арнайы келіп, ыстық ықыласын жеткізді.
 
«Әдебиет – елдің рухы, ұлттық жадымыздың өшпес шежіресі әрі рухани діңгегі. Осы жолда сіз туған жерден табан аудармай, қасиетті Қостанай өңірінде өнімді еңбек етіп, аймақтың ғана емес, тұтас еліміздің әдебиеті мен мәдениетін байытуға зор үлес қосып келесіз. Сіз ұлт тарихын түгендеп, рухани құндылықтарымызды ұлықтау жолында аянбай қызмет еттіңіз. Сіздің шығармашылық жолыңыз, азаматтық ұстанымыңыз, туған жерге деген адалдығыңыз бүгінгі қаламгерлер қауымы мен өскелең ұрпақ үшін шынайы отаншылдықтың жарқын үлгісі. Қазақ сөз өнеріне сіңірген еңбегіңіздің айғағы ретінде сізге көрсетілген құрмет те ерекше. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Махмұд Қашқари атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, Қостанай облысының Құрметті азаматы атануыңыз – биік талантыңыз бен қайталанбас шығармашылық қолтаңбаңыздың лайықты бағалануының көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлт болашағы үшін оқитын қоғам қалыптастырудың, әсіресе балалар әдебиетін дамытудың маңызын үнемі атап келеді. Осы бағытта сіздің де еңбегіңіз ерекше. Балалар әдебиетіне қосқан үлесіңіз арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, ел болашағын тәрбиелеуге қызмет етіп келесіз. Мерейтойлық шаралар кеше ғана елорда төрінде, есіл жағасында бастау алды. Астанадағы салтанатты жиынға қазақ зиялылары, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, өзіңізбен ұзақ жылдар бойы рухани байланыста болған қаламгер достарыңыз қатысып, құрмет көрсетті. Бүгін сол игі дәстүр өзіңіздің кіндік қаныңыз тамған қасиетті Жітіқара жерінде жалғасып отыр. Сіздің жырларыңызда туған жердің тынысы, халықтың тағдыры, ұлттық рухтың үні жатыр. Сондықтан да сіздің шығармаларыңыз уақыт өткен сайын өз құндылығын арттырып, жаңа ұрпақпен бірге жасай беретініне сенімдіміз», – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
 
Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев та мерейтой иесіне жылы лебізін білдіріп, оның туған жерімен байланысы ешқашан үзілмегенін атап өтті.
 
«Бұл кеш – мерейтой иесінің шығармашылығына көрсетілген құрмет қана емес, туған жердің талантты перзентіне деген халық ықыласының жарқын көрінісі. Ақылбек Қожаұлы біз үшін тек белгілі қаламгер ғана емес, өнеге тұтар тұлға, мақтан ететін ардақты жерлес. Отандық әдебиет пен мәдениетті дамытуға қосқан көпжылдық еңбегіңіз бен қомақты үлесіңіз үшін Жітіқара жұртшылығының атынан шынайы алғысымызды білдіремін. Сіз Жітіқара жерінде дүниеге келіп, осы қасиетті топырақтан нәр алып өстіңіз. Туған өлкеңізден алған тәлім мен тәрбиені бүкіл шығармашылық жолыңыздың алтын арқауына айналдыра білдіңіз. Сондықтан сіздің әр шығармаңыздан туған жерге деген сүйіспеншілік, елге деген адалдық пен азаматтық жауапкершілік айқын сезіледі. Сіз өз талантыңызбен, кәсіби шеберлігіңізбен және таңдаған ісіңізге деген адалдығыңызбен туған өлкеңіздің ғана емес, республика көлемінде де зор құрметке ие болдыңыз. Сіздің өмір жолыңыз – халыққа қызмет етудің, туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің және азаматтық ұстанымға беріктіктің жарқын үлгісі. Ұзақ жылдар бойы журналистика, мәдениет және білім беру салаларында жемісті еңбек етіп, жауапты мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқардыңыз. Мемлекеттік тіл саясатын дамытуға, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қостыңыз. Сіздің бай шығармашылық мұраңыз ерекше құрметке лайық. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген поэзиялық және прозалық туындыларыңыз терең мазмұнымен, өміршеңдігімен, ұлттық рухымен оқырман жүрегінен орын тапты. Сіз өз шығармаларыңыз арқылы тарихи жадымызды жаңғыртып, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, жастардың бойына туған жерге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіріп келесіз. Мерейтойдың дәл туған жеріңіз – Жітіқарада өтуінің де өзіндік мәні зор. Өйткені қайда жүрсеңіз де туған өлкеңізді жырыңызға арқау етіп, оның абыройын асқақтатып келесіз. Жітіқара жұртшылығы да сіздің жетістіктеріңізді әрдайым мақтан тұтады», – деді Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев.
 
Ақынның кешіне мектеп қабырғасында сабақ берген ұстазы Жаңылсын Бекмұратқызы да қатысты. Ол кісі шәкірті туралы мектеп кезеңіндегі естелікпен бөлісті.
 
«Ақылбек өте алғыр, ашық мінезді бала болды. Балалардың басын қосып, ортақ іске жұмылдыра білетін. Қандай қоғамдық жұмыс болса да бел ортасында жүретін. Біз жаңа келген жас мұғалімдер едік. Сол кезде оның бойынан ерекше жауапкершілікті, көшбасшылық қасиетті байқайтынбыз», – деді Жаңылсын Бекмұратқызы.
 
Ұстаздың айтуынша, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары мектеп өмірі қазіргі кезеңнен өзгеше болғанымен, балалардың білімге деген құштарлығы мен тәртібі ерекше еді. Бірде оқушылар мұғалімдер күні қарсаңында металл сынықтарын жинауды қолға алып, екі күннің ішінде 34 тонна темір өткізген. Түскен қаржыға оқушылар Мәскеу мен Алматыға саяхаттап, Қостанайдағы театрларға барған.
 
Кеш барысында Ақылбек Шаяхметтің әр жылдары жазылған өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды. Әсіресе туған жер, ұлттық рух, адам тағдыры туралы туындылары көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Ақын шығармашылығы туралы айтылған пікірлердің бәрі бір ойға тоғысты. Ақылбек Қожаұлы қай тақырыпты жазса да туған жердің иісін, елдің мұңын, халықтың рухын бірге жырлап келеді.
 
«Мерейтойымның алғашқы легі Астанадан басталып, міне туған жерім – қасиетті Жітіқара топырағында жалғасын тапты. Бұған дейін Науырзым ауданында, Әулиекөл өңірінде оқырмандармен кездесулер өтті. Қай жерде болсам да халықтың ықыласын, ағайынның құрметін сезіндім. Қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов: «Туған жер, не бар екен сенен ыстық, Себебі сенде туып, сенен ұштық», – деген екен. Расында да, туған жердің орны әрқашан бөлек. Қазақстанның қай өңірі болса да маған ыстық. Мен Алматы қаласында журналистика факультетінде білім алдым, Мәскеудегі Әдебиет институтында оқыдым. Еңбек жолымның бір кезеңі Әулиекөл ауданында өтті. Атамекенім – Қарабалық өңірі. Бірақ кіндік қаным тамған, балалық шағым өткен жер – осы Жітіқара ауданы. Сондықтан қайда жүрсем де Жітіқара менің жүрегімнің төрінде. Мен Желқуар өзенінің жағасында дүниеге келдім. Менің бойымда Желқуардың толқыны, туған жердің тынысы бар. Менің мектептегі балалық шағым да, еңбекке араласқан алғашқы қадамдарым да осы жерде өтті. Алғашқы арманым, алғашқы өлеңім, алғашқы қуаныштарым – бәрі осы қасиетті өлкенің топырағында қалыптасты. Сондықтан мені осындай ыстық ықыласпен қарсы алып отырған Жітіқара жұртшылығына басымды иіп, алғыс айтамын. Мерейтойдың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловқа, облыс басшылығына, аудан әкімдігіне және ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан азаматтардың барлығына ерекше ризашылығымды білдіремін», – деді кеш иесі Ақылбек Шаяхмет.
 
Шынында да, Жітіқарадан басталған жыр жолы бүгінде қазақ әдебиетінің үлкен арнасына айналды. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы қаламын серік еткен қаламгердің шығармалары бірнеше буын оқырманның рухани азығына айналып отыр. Мерейтой кеші соңында көпшілік ақынға ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тіледі. Туған жер төрінде өткен тағылымды кездесу қаламгер мен оқырман арасындағы рухани байланыстың әлі де берік екенін көрсетті. Өйткені Ақылбек Шаяхметтің шығармашылық жолы – бір адамның өмірбаяны ғана емес, тұтас бір дәуірдің, туған өлкенің және қазақ руханиятының шежіресі.
 
Ал сол шежіренің алтын арқауы – туған жерге деген шексіз махаббат пен халыққа деген адал қызмет.

 
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді ұсынған – Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
17.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV қалалық командалық ашық байқау-фестивалінің ережесі
17.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: «Мирас» ансамблі — 35 жылдық шығармашылық жол
16.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
16 қыркүйек күні «Мирас» этнографиялық қазақ халық аспаптар ансамблі шығармашылық ұжымның 35 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан аймақтық телерадио хабарларын тарату компаниясының аймақтық филиалы QOSTANAI телеарнасына шақырылды
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
QOSTANAI TAŃY: Біз үшеу едік
Автор: БАСТЫ мәдениет үйі
16.09.2026
QOSTANAI TAŃY: «ӨРТЕҢГЕ ӨСКЕН КӨК ҚҰРАҚ»
Автор: БАСТЫ мәдениет үйі
16.09.2026
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: «Мирас» ансамблі — 35 жылдық шығармашылық жол
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
17.09.2026
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру