altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Сөз өнерінің сардары
17.06.2026
359
0
17 маусым күні қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург, журналист-публицист, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет 75 жасқа толды.
 
Болашақ қаламгер 1951 жылдың 17 маусымында Қостанай облысы Жітіқара ауданының Забеловка ауылында дүниеге келген. Оның тағдыры бала кезінен туған жерімен, оның тарихымен, тілімен және мәдениетімен тығыз байланысты болды. Жітіқара мектеп-интернатын тәмамдағаннан кейін еңбек жолын «Шевченковский» кеңшарында бастап, 1968 жылы Әулиекөл аудандық газетінде қызмет етіп, журналистикадағы алғашқы қадамын жасады.
 
Жылдар өте келе талантты журналист корректор мен тілшіліктен бастап облыстық басылымдар мен телерадиокомпанияларда басшылық қызметтерге дейінгі жолдан өтті. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Мәскеудегі А.М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірді. Терең білімі мен мол тәжірибесі өңірлік және республикалық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосуына мүмкіндік берді.
 
Ақылбек Шаяхметтің қызметінде мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамыту ерекше орын алады. Әр жылдары ол Қостанай облысындағы мемлекеттік құрылымдарда жауапты қызметтер атқарып, қазақ тілін дамытуға бағытталған қоғамдық ұйымдарға жетекшілік етті, сондай-ақ өңірдің мәдени және білім беру саясатын жүзеге асыруға белсене қатысты.
 
Ақылбек Қожаұлына кең танымалдық әкелген – оның әдеби шығармашылығы. Алғашқы өлеңдер жинағы 1977 жылы жарық көрді. Содан бері қаламгердің қаламынан поэзия, проза, драматургия және деректі әдебиет жанрларында қырықтан астам кітап шықты. Жазушы балалар әдебиетіне де ерекше көңіл бөліп, балалар мен жасөспірімдерге арналған он беске жуық кітап жазды.
 
Автордың ең танымал шығармаларының қатарында «Пирамида», «Менің орбитам», «Жер-бесік», «Қаздар-аққулар ұшады», «Дала дауысы», «Сөз» және басқа да кітаптары бар. Оның бірқатар шығармалары мектеп бағдарламасына енгізіліп, өлеңдері қазіргі қазақстандық әдебиет антологиясының үшінші томына енді.
 
Ақылбек Шаяхмет драматургия саласында да үлкен жетістіктерге жетті. Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Алғыс пен қарғыс немесе жарық пен көлеңке», «Таза бұлақ», «Шоқанның мұңы», «Ыбырай өсиеті» және басқа да пьесалары оқырмандар мен театр қауымының жоғары бағасына ие болды. «Ыбырай өсиеті» пьесасы үшін қаламгер «Алтын қалам» ұлттық әдеби сыйлығының Гран-при жүлдесін иеленіп, жылдың үздік драматургі атанды.
 
Ақылбек Шаяхметтің шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерлерде де кеңінен танымал. Ол Расул Ғамзатовтың, Якуб Коластың, Иван Драчтың, Арсений Тарковскийдің және Солтүстік Кавказ ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық әдебиеттің көкжиегін кеңейтті. Аударма өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін халықаралық «Алтын көпір» сыйлығымен марапатталды.
 
Жазушының көпжылдық әдеби және қоғамдық қызметі көптеген мемлекеттік және қоғамдық марапаттармен атап өтілді. Ол Махмұд Қашқари атындағы халықаралық сыйлықтың, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың, Қазақстан Жазушылар одағының халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарымен және басқа да марапаттармен наградталған.
 
Ақылбек Шаяхмет – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әдебиеттану мен шешендік өнер саласындағы ғылыми зерттеулердің авторы. Оның диссертациялық еңбегі Қостанай өңіріндегі поэтикалық және шешендік шеберліктің типологиялық ерекшеліктеріне арналған және отандық филология ғылымына қосылған маңызды үлес болып табылады.
 
Бүгінде Ақылбек Қожаұлы қоғамдық және білім беру салаларындағы белсенді қызметін жалғастырып келеді. 2014 жылдан бері зейнеткерлік демалыста болғанымен, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика және коммуникативтік менеджмент кафедрасында қауымдастырылған профессор ретінде еңбек етуде.
 
Мерейтой иесі өзінің басты жетістігі ретінде тек кітаптары мен марапаттарын ғана емес, берекелі отбасын да мақтан тұтады. Жұбайы Бақытханмен бірге жарты ғасырдан астам уақыт тату-тәтті ғұмыр кешіп, бес бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде он төрт немере мен екі шөберенің қызығын көріп отыр.
 
Ақылбек Шаяхметтің мерейтойы – Қостанай өңірінің ғана емес, бүкіл елдің әдеби және мәдени қауымы үшін маңызды оқиға. Оның қаламынан туған құнды дүниелер мен ұлт мәдениетіне сіңірген еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек.
 
Қаламыңыз мұқалмасын, ақын аға! Ел руханияты жолындағы еңбегіңіз жемісті бола берсін!
 
Айгүл НҰРАХМЕТОВА,
«Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ
Құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру