altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЛИБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
02.06.2026
736
0
Амангелді ауданында қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қостанай қаласы мен Амангелді ауданының Құрметті азаматы, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылығына арналған «Көктем – қыздар» республикалық әншілер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
 
Өнер мерекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты жас әншілер қатысып, қазақ ән өнерінің асыл мұрасын дәріптеуге үлес қосты. Байқаудың негізгі мақсаты – композитор Қалибек Деріпсалдиннің бай шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық ән өнерін дамыту, жас орындаушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау және олардың қазақ музыкасына деген қызығушылығын арттыру болды.
 
Қалибек Деріпсалдин – қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған талантты тұлға. Оның жүрекке жететін сыршыл әндері халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, бірнеше буынның рухани қазынасына айналды. Сондықтан да композитор атындағы республикалық байқаудың туған жерінде өтуі ерекше мәнге ие болды.
 
Байқау салтанатында сөз сөйлеген Қостанай облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев аталмыш өнер додасының маңыздылығына тоқталды.
 
— Амангелді ауданында жоғары деңгейде республикалық байқау өтті. Қалибек ағамыздың сырнаймен сызылта салған әуендері ғажап. Сол ғажайып дүниелердің бүгінгі жас буынның орындауында жаңаша тыныс алып жатқаны қуантады. Байқауға қатысушылардың басты міндеті – Қалибек ағамыздың сырлы әндерін орындап, оның шығармашылығын халыққа кеңінен таныту болды. Еліміздің әр өңірінен келген таланттардың басын қосқан бұл шара ұлт мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Қалибек ағамыздың аруағы бір аунап түсті десек артық емес. Туған жерінде өткен бұл өнер мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды, – деді ол.
 
Байқауға қатысушылар екі кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде әр үміткер баян аспабының сүйемелдеуімен Қалибек Деріпсалдиннің бір әнін орындады. Бұл кезеңде қатысушылардың шығарманы түсінуі, әннің мазмұнын жеткізе білуі және орындаушылық шеберлігі бағаланды.
 
Ал екінші кезеңде жас әншілер қазақ композиторларының таңдаулы шығармаларын орындап, өздерінің вокалдық мүмкіндіктері мен сахна мәдениетін көрсетті.
 
Өнер додасына қатысушылардың өнеріне тәжірибелі мамандардан құралған әділқазылар алқасы баға берді. Қазылар әншілердің дауыс ерекшелігіне, орындаушылық мәдениетіне, сахнадағы өзін-өзі ұстауына және шығарманы көрерменге жеткізу шеберлігіне ерекше назар аударды.
 
Әділқазылар алқасының мүшесі Азамат Мұқатов мұндай республикалық деңгейдегі жобалардың жас таланттарды қолдаудағы рөлін атап өтті.
 
— Амангелді ауданында үлкен деңгейде республикалық байқау өтті. Қалибек ағамыздың ғажап әуендерін бүгінгі жас орындаушылардың лайықты жалғастырып келе жатқаны бізді қуантады. Бұл – ұлттық өнердің өміршеңдігінің белгісі, – деді ол.
 
Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар анықталып, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдені Шымкент қаласының өкілі Бейсов Асылбек жеңіп алды. І орын Павлодар облысынан келген Қисатова Салтанатқа бұйырды. ІІ орынды Астана қаласының өнерпазы Қасымов Еркебұлан иеленсе, ІІІ орын Ақмола облысы Зеренді ауданының өкілі Әмірғазин Алмат пен Маңғыстау облысынан келген Молдабайұлы Таубайға берілді.
 
«Көктем – қыздар» республикалық әншілер байқауы Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылық мұрасын ұлықтап қана қоймай, қазақ ән өнерінің болашағына сенім ұялатқан тағылымды мәдени шара болды. Ұлттық өнерді дәріптеген бұл байқау жас таланттардың қанатын қатайтып, олардың шығармашылық жолына жаңа серпін берген маңызды өнер алаңына айналды.
 
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының магистрі, дәстүрлі әнші, мәдениет саласының үздігі, әлем халықтарының әндерін бірнеше тілде орындаушы, Абай Құнанбайұлы атындағы төсбелгінің иегері, бұрынғы Президент оркестрінің әншісі, қазіргі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Нұрболат Арзамасұлы да байқаудың маңыздылығына тоқталды.
 
— Бүгін Қостанай облысының қасиетті Торғай өңірінде қазақ өнерінің көрнекті өкілі Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылығына арналған үлкен өнер сайысы өтіп жатыр. Бұл – халқымыздың рухани қазынасын дәріптейтін тағылымы мол байқау. Қатысушылар Қалибек ағамыздың әндерін жоғары деңгейде орындап, оның шығармашылық мұрасын көрермен жүрегіне жеткізе білді. Осындай өнер додалары арқылы ұлттық ән өнері насихатталып, жас таланттардың жолы ашылады. Қалибек ағамыз қалыптастырған сырнаймен ән айту дәстүрі жалғасын тауып, оның әндері әлі талай ұрпақтың жүрегінен орын алады деп сенемін, – деді өнер қайраткері.
 
Осылайша, қазақтың біртуар перзенті Қалибек Деріпсалдиннің есімін ұлықтауға арналған республикалық байқау әсерлі сәттермен қорытындыланды. Өнерсүйер қауымға рухани қуат сыйлаған тағылымды шара ұлт мәдениетін дәріптеп, ән өнерінің өрісін кеңейтуге тағы бір қадам жасады.
 
Туған жерінде өткен өнер мерекесі Қалибек Деріпсалдиннің бай мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттап қана қоймай, қазақтың дәстүрлі ән өнерінің өміршеңдігін де айқын көрсетті. Ұлттық өнердің абыройын асқақтатқан мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, Қалибек ағамыздың сырлы әндері мен өнегелі жолы ел жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
 
Амангелді жерінде өткен республикалық деңгейдегі бұл өнер мерекесі қазақ музыкасының мәңгі жасайтын асыл мұра екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
 
Ақбаян ТЕМІРЖАНОВА,
Амангелді ауданы
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру