altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Ұлттық өнердің ұлы сапары Қостанай облысына табан тіреді
26.05.2026
532
0
Қазақтың күй өнері мен ұлттық музыкасын кеңінен насихаттауға бағытталған «Халық әуені» гастрольдік туры Қостанай өңірінде жоғары деңгейде өтті.
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен және «Халық банкі» акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асқан бұл мәдени жоба аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі өңір тұрғындарымен жүздесіп, ұлттық өнердің мерейін үстем етті.
 
Бұл гастрольдік сапардың басты ерекшелігі үш ауданда ұйымдастырылуы болды. Оркестр ұжымы Жітіқара, Лисаков және Сарыкөл ауданында өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
 
— «Халық әуені» – халқымыздың дәстүрлі өнерін ел ішінде кеңінен насихаттауға бағытталған үлкен мәдени жоба. Біз үшін ұлттық өнер тек ірі қалаларда ғана емес, аудан-аудандарда да кеңінен дәріптелуі маңызды. Сондықтан көрерменнің өзіне баруды басты міндеттердің бірі деп санаймыз, – дейді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары Алтынбек Ахметов.
 
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Қостанай өңіріне араға шамамен 15 жыл салып қайта келуі гастрольдің рухани маңызын арттыра түсті. Концерттік бағдарлама ұлттық өнердің алтын қорына енген таңдаулы күйлер мен халық сүйіп тыңдайтын әндер енген. Көрермендер қазақ күй өнерінің жауһар туындыларын тыңдап, ерекше рухани әсер алды.
 
— Сахнада Түркештің «Көңілашар», Ахмет Жұбановтың «Би күйі», Ықыластың «Жезкиік», Дәулеткерейдің «Кероғлы», Құрманғазының «Адай» мен «Сарыарқа», Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйлері орындалды. Сонымен қатар концерт бағдарламасына халық арасында кеңінен танымал вокалдық шығармалар да енді. Бақытжан Жамақаев пен Нұрлан Шәкеновтің «Сен ғана», Шәмші Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым», Әсет Бейсеуовтің «Алтыным» әндерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жеңіс Ысқақова орындады, – дейді Алтынбек Ахметов.
 
Гастроль бағдарламасының тағы бір ерекшелігі – әлемдік музыкалық туындылардың қазақ ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен орындалуы болды. Концертте Моцарттың «Түрік маршы», орыс халық әні «Коробейники», орыс әндерінен попурри, Карл Дженкинстің «Палладио» шығармасы мен болгар халық әні «Болгарские розы» орындалды. Бұл оркестрдің шығармашылық мүмкіндігінің кеңдігін және ұлттық аспаптардың әлеуетін айқындай түсті.
 
— Ұлттық өнердің табиғатын жоғалтпай, оны бүгінгі көрерменге жаңа форматта ұсыну басты көздегеніміз. Қазіргі тыңдарманның музыкалық талғамы өзгеріп келеді. Сондықтан дәстүр мен заманауи бағытты үйлестіріп, репертуарды байыту – уақыт талабы. Өнер ұжымы үшін аудан-аудандарға барып концерт қоюдың тәрбиелік әрі рухани маңызы ерекше. Мұндай кездесулер барысында өнер мектептерінің оқушылары мен жас музыканттар кәсіби оркестрдің орындаушылық шеберлігін көріп, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттырады. Кей жағдайда аудан тұрғындарының республикалық деңгейдегі кәсіби өнер ұжымдарының концертін көруге мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан біз үшін халыққа жақын болу маңызды. Осындай сапарларда көрерменнің ықыласын, сағынышын ерекше сезінеміз. Бұл бізге үлкен шабыт береді, – дейді ол.
 
Гастрольдік сапар аяқталған соң Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Алматыға аман-есен оралды. Ұжым мүшелерінің айтуынша, Қостанай өңіріндегі көрерменнің ыстық ықыласы олардың есінде ұзақ сақталмақ.
 
— Жалпы, бұл сапардан ерекше әсер алдық. Гастроль өте жеңіл, қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. Біз барған барлық аудандарда халық ерекше құрмет көрсетіп, зор ықыласпен қарсы алды. Қазақы дәстүрмен шашу шашып, бауырсақ ұсынып қарсы алғаны бізге үлкен әсер сыйлады, – дейді директордың орынбасары.
 
Өнер ұжымы сапарды ұйымдастыруға атсалысқан аудан әкімдіктеріне, мәдениет саласының қызметкерлеріне, мәдениет үйлерінің ұжымдарына, дыбыс операторлары мен техникалық мамандарға шынайы алғысын білдірді.
 
— Барлығы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тіпті біздің күткенімізден де асып түсті десек болады. Концерттің сәтті өтуі көрерменнің ықыласына, ұйымдастырушылардың қолдауына тікелей байланысты. Бұл жолы да халықтың ыстық ықыласын анық сезіндік, – дейді оркестр мүшелері.
 
Сапардан кейін әлеуметтік желілерде де концерт жайлы жылы пікірлер мен алғыс сөздер көптеп жазылуда. Көрермендер ұлттық өнерге деген сағынышын білдіріп, осындай мәдени жобалардың жиі ұйымдастырылуын қалайтынын айтуда.
 
«Халық әуені» жобасы ұлттық өнердің халықпен бірге жасап келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақтың күйі мен әні кең далада қайта қалықтап, көрермен жүрегіне рухани қуат сыйлады.
 
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді ұсынған – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру