altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: «Ұлылар – ұлттың ұстыны» жазба айтысына өтінім қабылдау басталды
26.05.2026
436
0
Қазақтың алып тұлғалары – Ыбырай Алтынсариннің 185, Жамбыл Жабаевтың 180, Әлихан Бөкейханның 160, Мәриям Хакімжанованың 120, Кеңшілік Мырзабековтің 80 жылдығына арналған «Ұлылар – ұлттың ұстыны» атты облыстық ашық жазба айтысқа Тобыл-Торғай өңірінің ақындарын қатысуға шақырамыз.

Жобаға айтыскерлер ғана емес, поэзия өкілдері де қатысуға ниет білдірсе, нұр үстіне нұр. Ендеше, жазба айтыстың ереже-тәртібімен толығырақ танысыңыздар!
 
«Ұлылар – ұлттың ұстыны» облыстық ашық жазба айтыстың
ЕРЕЖЕСІ
 
Ұйымдастырушылар: облыстық «Қостанай таңы» газеті, «AMANAT» партиясы жанындағы «Miras» кеңесі және Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК.
 
Айтыстың мақсаты:
– Биыл мерейтойы аталып өткелі отырған заңғар тұлғалардың шығармашылық мұрасын насихаттау;
– қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, рухани құндылықтарын, ұлт бірлігін, отансүйгіштік тәрбиені өлең-жырмен өрнектеу;
– өңірдегі ақындарға қолдау көрсету, өлең өнеріне талпынысы бар жаңа есімдерді анықтау;
– биыл аталып өтетін өзге де маңызды рухани іс-шараларды ақындар жыры арқылы әспеттеу.
 
Өтетін мерзімі: 2026 жылдың маусым-қазан айлары аралығы.
 
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
– айтысқа облыстың барлық өңірінен ақындар қатыса алады;
– ақындардың жасына шектеу қойылмайды;
– қатысушылардың сөз саптасы, тапқырлығы, өлеңнің көркемдік деңгейі есепке алынады;
– айтыскердің берілген уақытты тиімді пайдалануы, тақырыпты аша білуі, қарсыласына ұтымды жауап қайтару шеберлігі бағаланады.
 
Айтыстың өткізілу тәртібі:
1. Айтыс үш кезеңнен тұрады:
– бірінші кезең – іріктеу кезеңі 1 маусым – 15 шілде аралығында;
– екінші кезең – жартылай финал 15 шілде – 15 тамыз аралығында;
– ақтық сын (финал) 15 тамыз – 15 қыркүйек аралығында.
 
2. Ақындар жеребе бойынша анықталған қарсыласымен сөз жарысына түседі;
3. Ақындар екеуара онлайн режимінде (WhatsApp арқылы) айтысады. Әр жұптың айтысы үш тәуліктен аспауы шарт, біреуі белгіленген мерзім ішінде жауапсыз қалған жағдайда жеңілген болып есептеледі. Егер екі ақын бірдей жауапсыздық танытса, айтыстан шеттетіледі;
4. Әр жұптың айтысы 4 кезектен аспауы керек. Сапасыз немесе әдепке қайшы жазылған сөздер қысқартылады;
5. Айтыс kostanaytany.kz сайтында және әр жұптың айтысы аяқталған соң газет бетінде ықшамдалып жарияланады;
6. Айтыс жеңімпаздары арнайы құрылған қазылар алқасы шешімімен анықталады.
 
Жүлде қоры:
1-орын – 300 000
2-орын – 200 000
3-орын – 100 000
екі арнаулы сыйлық 50 мыңнан.
 
Марапаттау рәсімі Республика күні қарсаңында өтеді. Мерзімі, уақыты, өтетін орны кейін хабарланады.
 
7. Ұйымдастыру жұмыстарын «Қостанай таңы» газеті редакциясы қамтамасыз етеді.
 
Айтыстың қазылар алқасы
 
– қазылар алқасының құрамында жергілікті ақын-жазушылар, сөз өнерінің құнын білетін кәсіби мамандар болады;
– қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды;
– қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды;
– ақындар жұбының сөз сайысы талапқа сай болмаған жағдайда қазылар алқасы ортақ шешіммен айтыс мәтінін газет бетіне, сайтқа жарияламауға құқылы;
– әр жұптың айтысы әр айналымның соңында талданып жарияланады.
 
Өтініштер Қостанай қаласы, әл-Фараби көшесі, 90-үй мекенжайында немесе 8-707 160 83 90 WhatsApp нөмірі арқылы 2026 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Өзге де ақпарат алу үшін осы нөмірге хабарласуыңызға болады.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру