altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Төркіндеу сапарының түйіні — қаламгердің шығармашылық кеші
22.05.2026
404
0
Қостанайда қоғам қайраткері, ақын-жазушы, аудармашы, «Алаш» сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері Камал Әлпейісованың «Ақша бұлттай әлемі» атты шығармашылық кеші өтті.
 
Биыл 70 жас мерейтойын атап өтіп жатқан Камал Әбілқасымқызын таңертең облыс әкімі Құмар Ақсақалов қабылдап, құттықтау лебізін айтып, сый-құрмет көрсеткен еді. Өңір басшысы қаламгердің өмірі, ағартушылық, шығармашылық және қоғамдық қызметі кейінгі буынға үлкен үлгі екенін сөз етіп, жемін жарқын жүздесу өткізген болатын. Одан кейін де Камал апамыз қасына ере келген Аналар кеңесінің мүшелерімен бірге бірнеше маңызды жиын-отырысқа қатысты.
 
Ал мерейтой иесінің шығармашылық кеші «Туған жерге тағзым» атты төркіндеу сапарының тамаша түйіні болды. Жылы шырай кездесуге көпшілік қауым қатысып, рухани, тағылымды сыр-сұқбаттың куәсі болды.
 
Камал апамыз – сан қырлы тұлға. Қазақстандағы ілеспе аударманың мектебін қалыптастырып, көркем тәржімасымен көпті мойындатты, соңынан қалың шәкірт ертті. Жауапты қызметтер атқарып, қоғам ісіне жан-тәнін арнап еңбек етті. Қаламгерлік шеберлігімен әдеби ортаның құрметіне бөленді. Мұны кеште сөз алған азаматтар да тілге тиек етіп, ілтипаттарын көрсетті.
 
«Кіндік қаныңыз тамған Торғай жерінен бастау алған, аптаға созылған төркіндеу сапарының шырқау шыңы – бүгінгі шығармашылық кешіңіз. Сіз қазіргі қазақ сөз өнерінде қолтаңбасы бар бірегей қаламгерсіз. Мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдар атқара жүріп, әдебиеттен қол үзбедіңіз. «Айтылмаған әңгіме», «Бақыт пен мұң», «Өмір бояулары», «Жапырақтары жанымның», «Жүрегімдегі жаз» атты әңгіме-өлең жинақтарымен оқырман жүрегін баурадыңыз. Оқулықтар мен сөздіктер жаздыңыз. Әдістемелік құралдар шығарып, ілеспе аударманың ауыр жүгін арқалап, ғылыми тұрғыдан зерттеп, күрделі саланы өнер деңгейіне көтердіңіз. Шетел басшылары бас қосқан небір беделді жиындарда ілеспе аударма жасауда майталман маман екеніңізді дәлелдедіңіз. Әлем жазушыларының, қазақ әдебиеті классиктерінің сөзіне дәлме-дәл тәржіме жасау таланыңызға бұйырыпты. Ұмытыла бастаған ұлттық тағамдарды жаңғыртып, мейрамханалар мәзіріне енгізуге мұрындық болдыңыз. Сан саладағы қайраткерлік қызметіңізді жоғары бағалаймыз», – деп облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қаламгер еңбегіне кеңінен тоқталды.
 
Кеш жүргізушісі Абылай Мауданов Камал апамызға салмақты сұрақтар қойып, қайраткердің қилы қырын аша түсті. Таным-білімі терең тұлғаның әр әңгімесі әсерлі болды. Бүгінгі буынға таңсықтау естілетін «төркіндеу» ұғымын тәпсірлеп беруі танымдық мәнге бай болды.
 
«Төркіндеу — қазақ халқында ежелден бар салт. Тек соны кеңес дәуірі санамыздан ысырып тастады. Оны қайта жаңғырту міндетіміз. Өйткені төркіндеудің тәлім-тәрбиелік мазмұны терең. Бұл ел мен елді жақындастыратын тін. Әдетте қазақ қызы барған жеріне орнығып, сіңіспей жатып туған жеріне жетіп келмейді. Нәрестелі болған соң жиендерін көрсетуге төркіндетеді. Ал халқымыз 60 жастан асқанда төркіндеп келудің мәндірек екенін ерекше ескерген. Өйткені тамыр жайып, ұрпақ өрбіткен, бір әулеттің ардағына айналған ананың екі жұрт үшін тағылымы терең болады деген мән жатыр», — деп тереңдете түсіндірді Камал апамыз.
 
Кеш үстінде жазушылық, аудармашылық, қайраткерлік еңбектері туралы естіген жанды таң-тамаша қалдыратын әңгіме-сыр қозғады. Мерейтой иесінің шашбауын көтере келген облыстық мәслихат депутаты Қырмызы Жаңбыршина мен «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбутәліп Әмір ағынан жарылып ыстық лебізін жолдап, сый-сияпат табыс етті.
 
Өңір өнерпаздары Камал Әбілқасымқызының сөзіне жазылған әсем әндерді әуелете шырқады. Кеш соңында ардақты апамыз дүйім жұртқа, жерлестеріне бас иіп алғысын айтып, шығармашылық еңбектерін туған жеріне тәбәрік ретінде тарту етті.
 
Толығырақ — газеттің алдағы санында.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
QOSTANAI TAŃY: Біз үшеу едік
Автор: БАСТЫ мәдениет үйі
16.09.2026
QOSTANAI TAŃY: «ӨРТЕҢГЕ ӨСКЕН КӨК ҚҰРАҚ»
Автор: БАСТЫ мәдениет үйі
16.09.2026
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру