altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Астанада ақын Ақылбек Шаяхметтің шығармашылық кеші өтті
15.05.2026
391
0
Арқаның арда ақыны, жазушы-драматург Ақылбек Қожаұлының 75 жас мерейтойына орай елордада дүркіреп жыр-өлең кеші өтті.
 
Тобыл өңірінің қастерлі қаламгеріне арналған рухани іс-шара «Отан деп соққан жыр жүрек» деп аталды. Radisson қонақ үйінде өткен кешке исі қазаққа және тұтас түркі әлеміне аты мәшһүр ақын-жазушылар, зиялы қауым, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бастаған жерлестері және шайыр шығармашылығын ардақ тұтқан жырсүйер жұртшылық қатысты.
 
Алқалаған әлеумет аяулы ақынды ортаға алып, құттықтау лебізін жауыдырып, сый-құрмет көрсетті.
 
«Ақылбек ағамыздың есімі ұлт әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан қаламгер ретінде кеңінен танымал. Шоқтығы биік шығармалары арқылы халқымыздың рухани әлемін байытып отыр. Қаламынан туған 70-тен астам кітап — қазақ әдебиетіне қосылған баға жетпес рухани қазына. Біз ардақты ағамызға әрдайым қолдау көрсетуге әзірміз. Ал бүгінгі кештің елордада өтуінің мәні зор. Бұл мерейтой барша қазақтың қуанышы деп айта аламыз», — деді Құмар Ақсақалов құттықтау сөзінде.
 
Облыс басшысы мерейтой иесіне және жұбайы Бақытқан апамызға ілтипат көрсетіп, иығына оқалы шапан жапты.
 
Қазақстан Жазушылар одағы басшысының орынбасары Қасымхан Бегманов, ардакүрең ақын Ғалым Жайлыбай, Халық ақыны Әсия Беркенова кең көсіле сөйлеп, тілек-лебізін жеткізді, тарту-таралғыларын табыс етті. Кеш үстінде сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің құттықтау хаты да оқылды. Ақылбек ағамызға Сағадат Нұрмағамбетов атындағы медаль иеленді. Құшағы гүлге, көңілі нұрға толған ақынның өзі де тебірене сөз сөйледі.
 
«Бүгін мен үшін ерекше күн. Өйткені Астана төрінде алғаш рет шығармашылық кешім өтіп отыр. Бұған дейін Алматыда бірнеше рет кітаптарымның тұсаукесерін жасаған едім. Жалпы бұл маған ғана көрсетілген құрмет емес, өркені өсіп келе жатқан қазақ әдебиетіне деген жасалған ілтипат деп түсінемін. Оның үстіне, кітап көрмесіне жақында жарық көрген 14 томдығым қойылып отыр. Оған моральдық та, материалдық та қолдау жасаған және осынау кештің өтуіне жәрдем көрсеткен облыс әкімі Құмар Іргебайұлына шексіз ризашылығымды білдіремін!» — деді ағамыз.
 
Сахна төрінде ұлыларға ұя болған туған өлкесін таныстырып, жалынды жырларын оқып, алыс-жақынан ат терлетіп келген қалың қауымға алғысын айтты. Кеш өрнекті өлеңдермен, ақын сөзіне жазылған әсем әуендермен әрлене түсті.
 
Жырсүйер жұртшылық фойеге жайылған ақын еңбектерінің көрмесін тамашалап, арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татып, тілек-лебіз тиегін ағытты.
 
Толығырақ — газеттің алдағы санында.
 
Жандос Жүсіпбек
Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру