altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда қайраткер тұлғаға құрмет көрсетілді
06.05.2026
449
0
Зиялы қауым, өнерсүйер жандар мәдениет қайраткері, белгілі журналист Оразалы Жақсановтың жетпіс жылдық мерейтойына орай Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрына жиналды.
 
Кеш бойы ардагеріміздің қоғамға әлі де берері мол екенін түсінгендей болдық.
 
Осы сөзімізге облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің:
 
«Жазбаларыңызда қоғамның дүмпуін дөп басып, бикітерге жете беріңіз!» – деген осы кештің алдындағы қабылдауында айтқан сөзі серпін бере түскендей.
 
Бұл – алыстаған сайын биіктен көрінген тұлғалармен терезесі тең жүрген заңғар журналист Оразалы Жақсановқа берілген үлкен халықтың ілтипаты еді. Орынбасары оқып берген облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың құттықтау хатында осынау орамдар тізбектелген.
 
«Түркі дүниесінің астанасы – Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Дербісек ауылында туып-өстік. Қазірдің өзінде жиырма мың халқы бар елді мекенде әкеміз қой бақты. Сол кезде интернатта білім алып, қоғамның кейбір тұстарын қағазға түсіруге құштар болдым. Басында ойымды өлеңмен өрнектеп, он екі жасымнан аудандық газетке мақала жариялай бастадым. «Қызыл ту» газетін ол уақытта бес мыңнан астам тұрғын жаздырып алушы еді», – дейді Оразалы Отынбайұлы әңгімесінде.
 
Бұрын газет бетінде көретін асқар тұлғаның мерейтойлық кешіне жиналған қауым осы жолы тірідей қауышып, әңгімешіл тағы бір қырынан тани түскендей.
 
«Біздің заманда азаматтық әскери борышты өтеу бірінші орында тұратын. Украина елінде қызмет еттік. Бірде дивизиямызға жарты әлемге әйгілі София Ротарудың келе қалмасы бар ма..!? Сөйтіп солдаттардың арасынан офицерлер мені таңдап, әншіге құрмет көрсетуді тапсырды. Сұхбат құрып та үлгердік. Сол кезде «Слава родину» атты әскери үнпарағымыз болды. Соған материал дайындап беріп отырдым. Кейін ол шаруаның Алматыдағы Қазақ университетіне түсуіме пайдасы тиді», – дейді мерейтой иесі.
 
Әскери бөлімне Алматыдағы оқу орнына оқуға қабылдауға ұсыныс хат жөнелтілді. Осылайша әскерде рота хатшылылығының қызметтерін атқарып, партия мүшесі болып оралған Оразалы Отынбайұлын факультет деканы Темірбек Қожекеев топ басшысы етіп тағайындайды. Кезінде Мәдениет министрі болған Мұхтар Құлмұхамедпен студент шағы бірге өтті.
 
«Алматыда жүріп Қостанайдың қызымен көңілім жарасты. Университеттің соңғы курсында кішігірім той жасадық. Сол тойға Мұхтар досым асабалық етті. Сыйластығымыз әлі күнге үзілген жоқ», – дейді ол.
 
Содан бергі қырық жылдан астам уақыт Тобыл төрінде Зора Қалиақпарқызымен ғұмыр кешіп келе жатыр. Алтын қасықтай үш ұлы ер жетті. Оның жиырма жылын «қара шаңырақ» Қостанай таңы» газетінде өткізді.
 
«Ол кезеңде бүгінмен салыстыру қиын. Орысша хатты аударып, мақалаға ұқсатып аламыз. Оны апарып тергіземіз. Пленум болған сәтте типографияға түнейтінбіз. Сол қыруар еңбектің арасында осы Ораз екеуміз бір шепте жүретінбіз. Кейін қалалық газетте де жұмыла жұмыс істедік. Сонда бұның ізденімпаздығына қызығатынбыз. Бірде жетімдер үйінен бір баланы тауып алып, «Қазақ баласы кімге керек?» деген мақала жазды. Осы жазбасы арқылы Оразалы бір тағдырды түзеген қаламгер», – деп атап өтті әріптес ағасы, кезінде «Қостанай таңы» газетін он жыл басқарған Жайберген Болатов.
 
Залда отырғандарды Мараттың бұл жайы елжіретті.
 
«Қостанайдың КСК шағын ауданында балалар үйі болғанын білесіздер. Сол жерде бір іс-шара өтетін болып, редактор жұмсап жіберді. Концерт жайына қалып, сонда бір балаға ерекше көзім түсті. Көкейімде қазақтың баласы ғой, қолғабыс етейін деген ой маза бермегендей күй кештім. Мақаланың шығуы мұң екен қоғамда үлкен резонанс тудырды. Редакцияға хабарласып, келушілер жиіледі. Содан торғайлық қазақ келіншек Маратты асырап алды. Қазір балалы-шағалы. Ертай қажы қамқорлығына алып, әлі күнге дейін сонда қызмет етеді. Кездескен сайын алғысын жаудырып жүр», – деп тебіренді.
 
Бүгінде отыз кітаптың авторы атанған Оразалы Отынбайұлының ғұмырының бір бөлшегі осы облыстың бас мешітімен тығыз байланысты.
 
Ол туралы облыстық мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрамыұлы баяндап, рухани ұжым атынан Ұмра қажылыққа жолдама сыйлады.
 
Осы отыз кітабының алпыс пайызын елге мәдени еңбек сіңірген тұлғаларға арнады. Қостанайдың қазақ театрында бас қосқан көзі тірі кейіпкерлері қоғам қайраткеріне үсті-үстіне шапан жапты. Кеудесіне Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің атынан Ахмет Байтұрсынұлы төсбелгісі тағылды. Қостанай қаласы әкімдігі, AMANAT партиясы мен Журналистер Одағы Алғыс хаттарын аманаттап, алыстан ат терлетіп жеткен ауылдастары сый-сияпатпен ардақтады.
 
 
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген Лариса Божко
QOSTANAI TAŃY

 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру