altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Қаламына қоғамның үні қонған
06.05.2026
232
0
Оразалы ағаны алғаш рет 2008 жылы Қостанайға жұмыс іздеп келгенде көрдім. Қалалық газеттің қазақ редакциясында редактор екен. Кабинетінде жылы қабылдап, аудандық газетке басылған мақалама жоғары бағасын берді. Жазғаным туған ауылым туралы еді. Жас тілшіге одан артық қандай бақыт керек?
 
Еңбек жолымды бастағаныма бір-ақ жыл ғана болған. Алайда «Біздің Қостанай» қалалық газетінде жұмыс істеудің сәті түспеді. Басқа қызмет табыла кетті. Әйтсе де қазір ағамен бірге жұмыс істеп жүрген сияқтымыз. Редакциямызға күнара соғып, қал-жайымызды біліп тұрады. Мақалалары да жиі шығады. Ақыл-кеңесін де аяған емес.
 
 
Өнегелі өмірдің бастауы
 
Оразалы аға әлі де сол мен көрген қалпында. Адамдығынан айнығанын көрмедім де, естімедім де. Ағаларына жақсы іні болса, бізге, кейінгі буынға жақсы аға болып келеді.
 
Жақсанов Оразалы Отынбайұлы – қазақ журналистикасы мен руханиятына өзіндік үлес қосып келе жатқан көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері. Ол 1956 жылы 5 мамырда Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылында дүниеге келген. Қарапайым еңбек адамдарының ортасында өсіп, ауыл тіршілігінің тынысын ерте сезініп өсті. Бұл кейін оның шығармашылығына да әсер етіп, халықтың руханияты мен болмысын терең түсінетін журналист болып қалыптасуына негіз қалады.
 
Оқушы кезінен сөз өнеріне құмартып, аудандық және облыстық басылымдарға мақалалар жариялай бастады. Жас талаптың алғашқы туындылары-ақ оның болашақта үлкен журналист боларына жол ашқандай еді.
 
Өзі туған жеріне ат басын тіресе, соқпай кетпейтін қасиетті ордасы бар. Ол – аудандық «Сарыағаш» газетінің редакциясы.
 
«Сонау 1967 жылдары Дербісек ауылындағы Крупская атындағы орта мектептің жанындағы интернатта алтыншы сыныпта оқып жүрген кезімнен бастап сол кездегі «Қызыл Ту» (қазір «Сарыағаш») газетіне өлеңдерім, мақалаларым да жиі шығатын. Сол себептен қайда жүрмейін, өзімді осы газеттің штаттан тыс бір тілшісі ретінде сезінемін», – дейді ағамыз бір естелігінде.
 
1973 жылы орта білімді аяқтап, буыны қатпастан қарапайым жұмысшы болып еңбекке араласты. Қазығұрт ауданындағы жылжымалы-механикаландырылған колоннада және Сарыағаш аудандық колхозаралық құрылыс ұйымында істеді. Бұл жылдар оның өмірлік тәжірибесін байытып, төзімділік пен табандылыққа баулыды. 1975-1977 жылдары Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеп, әскер қатарында шыңдалды.
 
Әскерден оралған соң білім жолын таңдап, Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Университет қабырғасында кәсіби журналистиканың қыр-сырын меңгеріп, 1982 жылы жоғары білім алып шығады.
 
Бала күнінде көрген тәрбиесі оның азамат болып қалыптасуына көп септігін тигізді. Қаршадайынан тәртіпке, ұқыптылыққа үйренген Оразалы ағамыз студент кезінде тобының жетекшісі, коммунистер кеңесінің төрағасы, университет кәсіподақ комитетінің сектор меңгерушісі болды. Әртүрлі ұйымдардың басы-қасында жүріп, ұстаздарының сенімін ақтады.
 
 
Журналистикадағы жарқын жол
 
Баспасөз саласында бақытын еселеген Тобыл-Торғай өңірі болды десек қателеспейміз. Журналистикадағы еңбек жолын Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» газетінде бастаған Оразалы Отынбайұлы қарапайым тілшіліктен тәжірибелі редактор дәрежесіне дейін өсті. Бұл басылымда ұзақ жылдар бойы әртүрлі бөлімдерде қызмет атқарып, өңірдің қоғамдық-саяси өмірін кеңінен жазды.
 
Кейін қалалық «Қостанай» газетіне ауысып, бас редактордың орынбасары, қазақ редакциясының редакторы қызметтерін абыроймен атқарды. Сонымен қатар республикалық деңгейдегі «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Алтын Орда», «Ислам және өркениет», «Ана тілі» секілді беделді басылымдардың меншікті тілшісі ретінде ел өміріндегі маңызды мәселелерді қозғады. Әлі де қолынан қаламы түскен емес. Облыстық мешіттің баспасөз қызметін жандандырып отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен және өңірдегі мешіт имамдары қолға алған әртүрлі іс-шараларды, жаңалықтарды ресми сайттарына жеделдетіп беріп отырады. Өз ісіне ұқыпты қарауға келгенде ағамыздың алдына ешкім түсе алмайтын шығар деп әзілдеймін кейде. Шынында солай, ойға алғанын жазғанша, ол жарық көргенше маза таппайтыны бар.
 
Оның журналистік қолтаңбасы өткірлігімен, шынайылығымен және адам тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді. Осы Тобыл-Торғай танабынан түлеген талай тарланның өмір жолын, қайраткерлігін, барлық болмысын талай мақалаға арқау етті.
 
Иә, Оразалы Отынбайұлы – өнімді жазушы. Оның қаламынан туған 30-ға жуық кітап қазақ әдебиеті мен публицистикасының қорын толықтырды. «Елім деп соққан жүрек», «Қайталанбас тұлғалар», «Майталмандар», «Өмір-керуен», «Қазақтың аяулы қыздары», «Қазақтың өнер жұлдыздары» секілді еңбектерінде ел тарихында із қалдырған тұлғалардың өмір жолы мен өнегелі ісі кеңінен суреттелген. Бұл шығармалар деректі еңбектер ғана емес, кейінгі ұрпаққа рухани тәрбие беретін тағылымды дүниелер ретінде бағаланады.
 
Оразалы Отынбайұлының қаламының қоғамдық ықпалы ерекше. Оның кезінде жарық көрген «Қазақтың баласы кімге керек?» атты мақаласы қоғамда үлкен серпіліс туғызып, жетімдер үйіндегі бір баланың қазақ отбасына қабылдануына себеп болды. Бұл – журналист сөзінің тағдыр шешетін күшке ие екенін дәлелдейтін тағылымды мысал. Мақаласының кейіпкері Марат бүгінде үйлі-баранды азамат.
 
 
Қоғамдық іске жанашыр
 
Оразалы Жақсанов журналист қана емес, қоғамдық мәселелерге белсене араласатын азамат ретінде де танымал. Ол Қостанай қалалық қоғамдық кеңесін басқарды, «АMANAT» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі.
 
Өңірдің рухани өміріне де айрықша үлес қосып жүр. Соның бір дәлелі – қазақтың көрнекті жазушысы, сатирик Сейіт Кенжеахметовке мемориалдық тақта орнатуға тікелей бастамашы болуы. Бұл да ұлт руханиятына деген жанашырлықтың нақты көрінісі. Қазір облыс орталығындағы Пушкин көшесіндегі 92-ші үйдің қабырғасынан ағаның бастамасымен қойылған тақтаны көре аласыз.
 
Көп жылғы қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Ол – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, халықаралық ақпараттану академиясының академигі. Әлем және Қазақстан Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі.
 
Қостанай қаласының құрметті азаматы атануы – оның өңір дамуына қосқан үлесінің айқын дәлелі. Мемлекет басшысының Алғыс хаты мен мерейтойлық марапаттар да елеулі еңбегінің жемісі.
 
Қостанай облысы әкімінің, меценаттар клубының «Қазына» және Бейімбет Майлин сыйлықтарының лауреаты. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталғаны тағы бар.

 
Отбасы – өмірінің тірегі
 
Қаламгер үшін отбасы – басты құндылық. Зайыбы Зора Қалиақбарқызы мәдениет саласында ұзақ жыл қызмет істеген білікті маман. Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде бас қор сақтаушы болып еңбек етті.
 
Үш ұлын тәрбиелеп өсірген өнегелі әке ретінде де көпке үлгі. Бүгінде немерелерінің қызығын көріп отырған ардақты ата.
 
Тұңғышы Нұржан Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әртісі. Ал ортаншысы Рауан мемлекеттік аудит саласында қызметте. Кенже ұлы Дарын ағылшын пәні тілінің мұғалімі. Әміре және Әмзе деген немерелері бар.
 
Оразалы ағаның бала тәрбиесіне айрықша мән беруі де айтуға тұрарлық. Әр перзентінің қоғамнан өз орнын табуға барын салды. Үлкен ұлының талай байқауға қатысуына жағдай жасап, өнерге баулыды. Ортаншысы да сөз өнерінен қара жаяу емес. Былтыр ғана мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Тіл шебері» облыстық байқауында жеңімпаз атанып, республикалық жарыстан да олжалы оралды. Кіші ұлы Дарын қазір фильм түсіріп, оқушыларына ізгілік жолын, оқу-білімді насихаттап жүр.
 
Оразалы Отынбайұлы еңбекке адалдығымен, ұлтқа қызмет етудің және қалам құдіретіне деген шексіз сенімімен де үлгі. Ол журналистиканы жай кәсіп емес, қоғам алдындағы жауапкершілік деп түсінді. Сондықтан ағаның есімі қазақ баспасөзінің тарихында азаматтық үннің, парасатты публицистиканың символы ретінде қалатыны анық.
 
 
Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ
QOSTANAI TAŃY

 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
02.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Ботагөз Дүбірбаева «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Мирас» МС солисі Азамат Ибраев! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Азамат Ибраевтың концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жарқын орындау, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
31.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Street Music»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қаланың жастар ұжымдарының «Street Music» концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді заманауи музыка, жарқын орындаулар, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
30.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Қарағанды қаласының «Ветер перемен» кавер-тобы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында Юрий Шатунов пен «Ласковый май» тобының шығармашылығына арналған концерт өтеді! Сіздерді көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер, жылы естеліктер мен ерекше музыкалық атмосфера күтеді!
29.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрінің концерті өтеді! Оркестр жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Евсюков. Музыкалық жетекші-аранжировщик — Геннадий Стаканов. Сіздерді жанды музыка, жарқын джаз әуендері мен ерекше мерекелік атмосфера күтеді!
28.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Арыстан Құрманов! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Арыстан Құрмановтың «Айналдым атыңнан, Қостанай» атты концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, әсерлі орындау мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
27.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Jas star.kst»! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Jas star.kst» қалалық шығармашылық байқауы жеңімпаздарының концерті өтеді! Сіздерді жас таланттардың жарқын өнері, заманауи әндер, қуатты энергия мен мерекелік көңіл күй күтеді!
26.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Сағындым, Қостанай»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қала туралы әндердің «Сағындым, Қостанай» музыкалық фестивалі өтеді! Сіздерді туған қалаға арналған әсем әндер, әсерлі қойылымдар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
25.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында оркестрдің мерекелік концерті өтеді. Бас дирижер — Лилия Ислямова. Сіздерді жанды музыка, әсерлі орындаулар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні сахнасында — Қостанайдың «Караван» ВИА-сы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Караван» ВИА-сының мерекелік концерті өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жанды музыка, жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, ALEM-ді қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте ALEM өнер көрсетеді! @xcialem
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы күніне орай ДК «Мирас» шығармашылық ұжымдарының «Ән қанатындағы Қостанай» көшпелі концерті өтеді! Баршаңызды мерекелік концертке шақырамыз!
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, NE PROSTO ORCHESTRA-ны қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте NE PROSTO ORCHESTRA өнер көрсетеді! @ne_prosto_orchestra
22.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамызда сағат 21.30-23.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне шақырамыз: Alem Аламты қ. «Ne Prosto Orchestra» симфониялық оркестрі Аламты қ.
18.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған екі күндік мерекелік іс-шаралар Әйет ауылының орталық алаңындағы салтанатты мерекелік кешпен өз мәресіне жетті.
17.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Туған күніңмен, ауданым!
17.07.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 17 шілде күні, Окраин ауылында аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы ұйымдастырған «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарлама және дәстүрлі «Беташар» салтының көрсетілімі өтті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
02.08.2026
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
20.07.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру