altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Торғай төрінде таланттар
02.05.2026
682
0
Аймақ руханиятының айшықты оқиғаларының бірі – XXXVIII «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздар байқау-фестивалі Жанкелдин ауданында өз жалғасын тапты.
 
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан мәдени шара биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Қостанай облысының 90 жылдығына арналды. Өнер мерекесіне 141 қатысушы тартылып, байқау талаптарына сәйкес он бір жанр толық қамтылды. Бұл – Торғай өңіріндегі шығармашылық әлеуеттің кеңдігін, өнердің сан қырлы дамып келе жатқанын көрсетеді.
 
Кеш шымылдығы философиялық мазмұндағы бейне көрініспен түріліп, көрерменді өнердің мәні мен адам болмысының терең иірімдеріне жетеледі. Алғашқы болып сахна төріне Қонысбай Әбіл атындағы «Ғасырлар пернесі» халық ансамблі көтерілді. Музыкалық бағдарламаның шымылдығын ақын Жандос Жүсіпбектің сөзіне жазылған «Қарт Торғайым – қастерлім!» арнауы ашты. Оны орындаған әнші Жәуке Оңдаған туған жерге деген сағыныш пен құрметті жүрекке жеткізе білді.
 
Фестиваль аясында халық әндері мен күйлер, хореографиялық қойылымдар, авторлық және заманауи бағыттағы шығармалар көрермен назарына ұсынылды. «Көктем сазы» биі жеңіл де әсем қимылдарымен тәнті етсе, «Көктүрік» этно-композициясы тарихи рухты бүгінгі заманмен сабақтастыра білді.
 
Биылғы байқаудың жаңалығы – Болат Хамзин атындағы өнер мектебі ұстаздарынан құрылған этно-ансамбльдің сахнаға шығуы. Ұжым ұлттық музыканы жаңаша өңдеуде ұсынып, көрермен ықыласына бөленді. Жас ақын Ерболат Айтан «Тау Торғай» атты авторлық туындысын әсерлі орындап, көркем сөз өнерінің де лайықты деңгейде екенін көрсетті.
 
Биыл Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Осы кезеңде өңір мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың еңбегі ұмытылған емес. Солардың бірі – сазгер Қалибек Деріпсалдин. Кеш барысында оның «Қостанай» әні Сүйінғариндер отбасылық ансамблінің орындауында шырқалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
 
Фестиваль сахнасында әзіл-сықақ жанры да өз орнын тапты. «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театры (жетекшісі Шыңғыс Садуақасов) көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Сейіт Кенжеахметовтің «Айтылмайтын әңгіме» қойылымын сахналады.
 
Кеш барысында ұсынылған «Миллион алых роз» композициясы форматтық жаңашылдығымен айшықталды. Перформанс үлгісінде өткен бұл нөмірде суретші Самұрат Ерік ән орындалып жатқан сәтте қазылар алқасының бейнесін салып, сахна өнерінің тың қырын көрсетті.
 
Сондай-ақ «Сиқырлы реалити» иллюзионизм шоуы да көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Жанат Әлібекованың шеберлігі көрермен тарапынан жоғары бағаланды.
 
Фестиваль аясында Қостанай облысының 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, өңірдің тарихи-мәдени жетістіктері кеңінен насихатталды. Ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Абылай Маудановтың «Өр Торғай – алтын бесігім!» атты жаңа әні көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар өңірдің астықты аймақ ретіндегі ерекшелігі көрмелерде көрініс тауып, нан өнімдерінен жасалған туындылар мен мазмұнды макеттер көрермен көңілінен шықты. Масақ үлгісіндегі ерекше костюм өнер мектебінің мұғалімі Гүлмира Тасмағамбетованың шығармашылық ізденісінен туған.
 
Жанкелдин ауданының әкімі Бидашев Дінмұхамбет фестивальдің маңызына тоқталып, өнерпаздарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар мерейтойлық жылдың мәніне ерекше назар аударды.
 
Жалпы, Торғай төрінде өткен бұл фестиваль – мазмұны терең, ұйымдастырылуы жоғары деңгейдегі, өнердің сан қырын тоғыстырған тағылымды мәдени оқиға болды.
 
Әрбір қойылымнан шынайылық пен ізденіс айқын байқалып, көрерменге рухани серпін сыйлады.
 
«Былтырғы жылмен салыстырғанда, биылғы фестивальде айтарлықтай өсу бар. Қатысушылар жақсы дайындықпен, көтеріңкі көңіл-күймен келген. Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек арнайы Астана қаласынан шақыртылып, оркестр және ансамбльмен этно бағытында жұмыс жүргізіпті. Сондай-ақ облыстан жас режиссерлер тартылып, концерттік бағдарлама кәсіби деңгейде жасақталған. Одан кейін Жәуке Оңдағанның орындауындағы арнау ерекше әсер қалдырды, мәтіні де, мазмұны да өте сәтті шыққан. Аудандардағы өнер ұжымдарын көріп жүрміз ғой, дегенмен бұл жолы Данияр Амандықтың жеке аспаптық орындауы тың жаңалық болды. Торғайдың биші қыздары да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, заманауи билермен қатар «Көктем сазы» биін әсерлі жеткізді. Әншілердің де кәсіби деңгейі өскен. Соның ішінде Мирас Әбдікәрім кәсіби біліктілігін шыңдап келіп, жеке орындауда өзін жақсы қырынан көрсетті. Жалпы, өнер мерекесінде осындай ауқымды жетістіктер байқалды», – деп баға берді қазылар алқасының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі Батырбек Байназаров.
 
Айта кету керек, мәдени шараның жоғары деңгейде өтуіне аудан әкімдігінің қолдауы зор болды.
 
«Іс-шараның сәтті ұйымдастырылуына қаржы бөлініп, аудан әкімі атынан өнерпаздарға ықылас гүлі табысталды. Сонымен қатар Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, танымал мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек арнайы Астанадан шақыртылып, өнерпаздармен жұмыс жүргізді», – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Шалабаева.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұсынды
Жангелдин ауданы

QOSTANAI TAŃY
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру