altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Арқалықтық делегация Түркістанда
26.04.2026
215
0
Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Арқалық қаласынан шыққан арнайы экспедиция киелі Түркістан қаласына табан тіреді.
 
Қала әкімі Әмірхан Асанов бастаған делегация құрамында Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабы бойынша жазылған эссе байқауының жеңімпаз-жүлдегерлері (25 оқушы), елдің абыз ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері және журналистер бар екенін еске сала кетейік.
 
Өзбекәлі Жәнібектей біртуар тұлғаның мағыналы ғұмыры, ел игілігі үшін жасаған еңбегімен кітап оқу арқылы танысқан жастарымыз Өз-ағаңның кесенесіне барып, рухына тағзым етті.
 
Ұлытау облысындағы Жошы хан кешенінен бастау алған экскурсия Түркістандағы Арыстанбаб, Өзбекәлі Жәнібек кесенелерінде, өзге де бірқатар киелі орындарда жалғасын тапты. Қала әкімі Әмірхан Асанов өз атынан және арқалықтық ардагерлер мен зиялы қауым әруақтарға құран оқытып, құрбандықтарын шалды.
 
Әйгілі Отырар қаласының орнындағы – Отырар қалашығының, ондағы мешіт пен шығыс моншасының тарихымен танысты. Түркістан қаласының заманға сай түрлі мәдени бағдарламаларын тамашалады.
 
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицейде кездесу өткізді.
 
«Отырар – әлем ұстазы Әл-Фараби, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов, рух сардары Өзбекәлі Жәнібеков, әлем ақыны Мұхтар Шахановтың туған жері. Ауданның 90 жылға жуық тарихы бар. Отырар — 55 мың тұрғын мекен еткен киелі өңір. Шыңғыс ханның тұсында сын-қатерлерді бастан өткерсе, Қайыр ханның тұсында қайта гүлденген. Түп тарихы — өзінде су — кәріз құбырлары жұмыс істеген өркениеттің басы болған қала. Өнеркәсібі дамыған шамамен 30 мыңға жуық тұрғыны болған», – дейді делегацияға жол көрсеткен Түркістандағы Әзірет Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени қорығы-музейінің экспозиция бөлімінің басшысы Данияр Сәдуақасов.
 
Делегациямен аудан орталығындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №4 лицейде кездесу өткізілді.
 
Кездесуде Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Айғаным Серім, Арқалық қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров және басқалар сөз алып, сый-құрметтерін көрсетті. Лицей шәкірттерінің күшімен дайындаған әдеби монтаж тамашаланды.
 
Қазір Отырар ауданын 55 мың халық мекендейді. Өсіп-өніп, көркейген аудан. Тоқсан жылдық тарихы бар. Лицейде мыңға жақын бала оқиды. Оның ішінде 200-ге жуық бала интернатта жатып білім алады.
 
Кездесу барысында Өз-ағаң атындағы лицей шәкірттерінің күшімен дайындаған әдеби монтаж тамашаланды.
 
Өзегінің ықпалы мен жазылған өнердің қос алыбы Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шахановтың шығармашылығынан дүниеге келген «Арқалықтың ақ таңы» әні шырқалды.
 
Ән мен жыр, ақ бауырсақ, бал шұбатпен бірге Өзекеңе арналған көрме назарға ұсынылды.
 
Түркістан сапарының демеушілері: «Церера» ЖШС (басшысы Ұзақ Серкіұлы) мен «Самрұқ Холдинг 2030» ЖШС (директоры Еркін Мұзафарұлы).
 
Арқаның астықты өлкесі арқалықтықтардың тағылымды экспедициясының жұмысы қасиетті Түркістан жерінде одан әрі жалғасуда.
 
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы


QOSTANAI TAŃY
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
02.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Ботагөз Дүбірбаева «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Мирас» МС солисі Азамат Ибраев! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Азамат Ибраевтың концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жарқын орындау, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
31.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Street Music»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қаланың жастар ұжымдарының «Street Music» концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді заманауи музыка, жарқын орындаулар, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
30.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Қарағанды қаласының «Ветер перемен» кавер-тобы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында Юрий Шатунов пен «Ласковый май» тобының шығармашылығына арналған концерт өтеді! Сіздерді көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер, жылы естеліктер мен ерекше музыкалық атмосфера күтеді!
29.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрінің концерті өтеді! Оркестр жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Евсюков. Музыкалық жетекші-аранжировщик — Геннадий Стаканов. Сіздерді жанды музыка, жарқын джаз әуендері мен ерекше мерекелік атмосфера күтеді!
28.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Арыстан Құрманов! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Арыстан Құрмановтың «Айналдым атыңнан, Қостанай» атты концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, әсерлі орындау мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
27.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Jas star.kst»! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Jas star.kst» қалалық шығармашылық байқауы жеңімпаздарының концерті өтеді! Сіздерді жас таланттардың жарқын өнері, заманауи әндер, қуатты энергия мен мерекелік көңіл күй күтеді!
26.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Сағындым, Қостанай»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қала туралы әндердің «Сағындым, Қостанай» музыкалық фестивалі өтеді! Сіздерді туған қалаға арналған әсем әндер, әсерлі қойылымдар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
25.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында оркестрдің мерекелік концерті өтеді. Бас дирижер — Лилия Ислямова. Сіздерді жанды музыка, әсерлі орындаулар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні сахнасында — Қостанайдың «Караван» ВИА-сы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Караван» ВИА-сының мерекелік концерті өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жанды музыка, жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, ALEM-ді қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте ALEM өнер көрсетеді! @xcialem
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы күніне орай ДК «Мирас» шығармашылық ұжымдарының «Ән қанатындағы Қостанай» көшпелі концерті өтеді! Баршаңызды мерекелік концертке шақырамыз!
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, NE PROSTO ORCHESTRA-ны қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте NE PROSTO ORCHESTRA өнер көрсетеді! @ne_prosto_orchestra
22.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамызда сағат 21.30-23.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне шақырамыз: Alem Аламты қ. «Ne Prosto Orchestra» симфониялық оркестрі Аламты қ.
18.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған екі күндік мерекелік іс-шаралар Әйет ауылының орталық алаңындағы салтанатты мерекелік кешпен өз мәресіне жетті.
17.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Туған күніңмен, ауданым!
17.07.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 17 шілде күні, Окраин ауылында аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы ұйымдастырған «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарлама және дәстүрлі «Беташар» салтының көрсетілімі өтті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
02.08.2026
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
20.07.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру