altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Қызбелде қаламгердің өшпес мұрасы насихатталды
05.02.2026
725
0
Жангелдин ауданының Қызбел ауылдық округінің орталығы Саға ауылында «Ауыл және мәдениет» жобасы аясында жерлесіміз, атақты жазушы, этнограф, қазақ сатирасының сардары С.Кенжеахметұлына арналған «Дәстүр мен даналықтың дара тұлғасы» атты тағылымды кеш көрініс тапты.
 
Кешке қаламгердің перзенттері Светлана Сейітқызы, Зәмзәгүл Сейітқызы, Зейін Сейітұлы, сондай-ақ ғылым мен өнер, мәдениет пен тарих саласының өкілдері қатысты.

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің проректоры, тарих ғылымдарының PhD докторы Асылан Еділханұлы, университет деканы Гүлбаршын Спанқызы, Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейінің директоры Рауан Абдоллажанұлы, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Батырлан Жұмабайұлы, аудан басшылығы мен ардагерлер кеңесінің өкілдері — кештің сыйлы қонақтары қатарынан табылды.

Жангелдин аудандық Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театры кеш иесінің әзіл – сықақтарын орындап кештің ажарын аша түсті.

Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық музейінің қорындағы жазушының жеке заттары апарылып, көшпелі көрме ретінде ел назарына ұсынылды.

«Көрмеде Сейіт ағамыздың өзі тұтынған жеке заттары – кездігі, қағазы кесетін пышағы, радио қабылдағышы, нақышты оюланған кесесі, өзінің киіп жүрген ақ қалпағы т.б. заттары қойылды. Одан бөлек жазушылар одағының, «Қазақ тілі» қоғамының, «Ара» журналының тілшілік куәлігі де бар. Сейіт Кенжеахметұлы тек сатирик жазушы, этнограф ғалым ғана болып қоймай, кешегі өзі көзін көрген Нұрхан, Ахметхандардың жолын жалғап айтысқа да қатысқан суырып салма ақын да болған. Оның 1967 жылы Қостанай қаласының атынан айтысқа шығып, Рудный қаласының ақыны Назиқа Ерғалиевамен сөз сайысына түскендегі айтыс мәтіні сол уақытта облыстық газетте жарияланған. Міне, осындай сан қырлы ағамыздың өзі ұстаған домбырасы да ел назарына ұсынылды. Бұл домбыра жыл сайын ұлттық домбыра күнінде ұйымдастырылатын көрмеде тұрақты түрде көрмеге шығып жүр. Бірақ аталған іс-шараның жазушының өзінің кіндік қаны тамған топырақта ұйымдастырылуы – мән-маңызын, таным-тағылымын арттыра түсетіні анық», – дейді музей директорының орынбасары Батырлан Сағынтаев.

Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ұйымдастырушылардың сіңірген еңбегі зор. Қызбел ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Әйгерім Жұмагелдіқызы кештің басынан аяғына дейін ұжымымен бірге жүріп, барлық ұйымдастырушылық жұмыстарды ілкімді үйлестіре білді. Ал, Нұрхан Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің директоры, «Мірдің оғы» әзіл-сықақ отауының жетекшісі Шыңғыс Рақымжанұлы сахналық қойылымдардың мазмұнды, жинақы өтуіне, шығармашылық деңгейінің жоғары болуына тікелей үлес қосты.

Кеш соңында Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанқанқызы қорытынды сөз сөйлеп, жас өнерпаздарға марапаттар табыстады. Сонымен қатар, мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек еткен Айжамал Сабыржанқызына құрмет көрсетілді.
 
Жангелдин ауданы
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру