altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Қос жүректің сезімін әнге қосып…
24.12.2025
1224
0
«Шаңырақ» ұлттық өнер орталығының ұйымдастыруымен екінші жыл қатарынан өнерлі отбасылардың басын қосқан «Қос жүректің әуені» атты концерт өтіп келеді. Былтыр алғаш рет ұйымдастырылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген жоба биыл да аншлагпен өтті десе болады. Зал лық толып, өнерсүйер қауым отбасылық дуэттердің әсем әндерінен рухани ләззат алды.
 
Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен концертке өмірде де, өнерде де қатар жүрген жанұялық жұптар мен отбасылық дуэттер қатысты. Жобаның авторы Мұрат Нағашыбай.
«Мұндай мазмұнды, тағылымды концертті алдағы уақытта кең көлемде, көктемнің шуақты мерекесі Наурыз айында өткізуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті.
 
Концерттің бастамасы жыл айрығында облысымызда мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған жыл қорытындысы бойынша үздік өнерпаздар мен өнер ұжымдары марапаттаумен басталды.
 
Жыл үздіктерін марапаттау үшін сахна төріне облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев шығып, барша өнер ұжымдарын құттықтап, марапаттарын табыстады.

Салтанатты шарада 2025 жылдың мәдениет саласындағы ең жарқын жетістіктері сараланып, үздіктер анықталды. Өнер – бір ғана бағытпен шектелмейді. Оның ішінде ұлттық рухты асқақтататын айтыс, терме, дәстүрлі ән, ұлт аспаптар ансамбльдері, би өнері, театр жанры, заманауи жобалар мен ірі концерттер бар. Осы салалардың барлығында да облыс өнерпаздары жоғары белестерді бағындырды.
 
 Кеш шымылдығын республикалық және облыстық деңгейдегі көптеген жобалардың қатысушылары, түрлі марапаттардың иегерлері, қырық жылға жуық уақыт сахнада бірге өнер көрсетіп келе жатқан ҚР мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Қадыр – Майра Қаржауовтар отбасылық дуэті ашты. Олар «Сағыныш саздары», «Асыл жарым» әндерін орындап, кештің көркін кіргізді.

Осы сияқты Меңдіқара ауданынан келген көпбалалы өнерлі отбасы Тобыл мен Нұржамал Болатовтар көтерілді. Жұбайлар өнер жолында 45 жыл еңбек етіп келе жатыр. Бүгінгі таңда Меңдіқара ауданына қарасты Михайлов ауылында клуб меңгерушісі болып қызмет атқарады. Балалары да ата-анасының жолын қуып, үлкен сахнада өнер көрсетіп жүр. Жұбайлардың өмір бойы қол ұстасып, өнер мен өмірді қатар алып жүруі кейінгі жастарға үлгі екені сөзсіз.

Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген жұптардың бірі – композитор, сазгер, бірнеше әннің авторы, аудандарға арналған әнұрандар жазып жүрген Жарқынбек – Гүлбақыт Деріпсалдиндер дуэті. Тобыл-Торғай таланттарының жарқын өкілдері биылғы жылды жеке шығармашылық кештерімен, облыс пен көршілес өңірлерді аралаған ән кештерімен есте қалдырды.

Облысымызға домбырашы, күйші әрі әнші ретінде танылған, қазіргі таңда Федоров аудандық мәдениет үйінде қызмет ететін Жандос пен Динара Мырзахметовтардың отбасылық дуэті де кештің сәнін келтірді.

Кеш барысында Тасқын – Жұлдыз дуэті «Алғашқы кездесу» әнін тарту етіп, көрермен көңілін толтырды. Олардың ата-аналары да көп жылдардан бері сахнада қатар жүрген жұбайлар екенін ел біледі. Ол кісілер балаларының өнерін қолпаштап көрермен қатарында отырды. Ал Қостанай ауданынан келген Бекзат – Ботакөз дуэті «Жұлдызым» әнімен сахна төрінен орын алып, кештегі ең жас өнерлі жұп ретінде ерекше ықыласқа бөленді.
 
Облыстық сахнаға алғаш рет дуэт болып шыққан жас өнерпаздар Бейбарыс пен Гүлжан Тойшановтар да болашағынан зор үміт күттіреді.

Кейінгі жас таланттардың ішінен суырылып шығып, өнер биігінде жүрген жұлдызды дуэт – Асхат пен Дидар Шыңғысовтар да сахна төрінде жарқырай көрінді. Олар жуырда Алматы қаласындағы республика сарайында өткен «Махаббат әлемі» атты республикалық отбасылық дуэттер концертіне қатысып, Қостанай облысының абыройын асқақтатып келген еді. Тіптен сол жақта жүріп өздерінің алғашқы бейнебаяндарын да түсіріп үлгеріпті. Жұлдызды жұптың өнері көрерменді тәнті етті.

Өнерлі жас отбасылардың қатарын толықтырған Қанат – Әсем Ражановтар дуэті де кештің мазмұнын байытты. Әнші, күйші, ақындық қабілеті бар Қанат пен ұстаздықты серік еткен Әсем Тобыл-Торғай сазгерлерінің әндерін насихаттап жүрген өнерпаздар. Олар да өздерінің кештерін беріп, «Махаббат әлемі» атты республикалық отбасылық дуэттер концертіне қатысып, көрермен көзайымына айналып үлгерген жарасымды жұп.
 
Кеш соңында іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмир Қалқаев сөз сөйлеп, өнерлі отбасыларға алғысын білдірді. Барша өнерпаздарға сый-сияпат көрсетіліп, шоқ гүлдер табыс етілді.
 
«Қос жүректің әуені» – махаббат пен өнердің, отбасы мен шығармашылықтың жарасымды үндестігін паш еткен, көрерменнің жүрегіне жол тапқан тағылымды кеш болып қана қоймай, өнерпаздардың тұсауын кескен, үлкен сахнаға жол ашқан игі жоба болып, болашақта да көрермен көзайымына айнала бермек.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Тобыл қаласы
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
QOSTANAI TAŃY: Біз үшеу едік
Автор: БАСТЫ мәдениет үйі
16.09.2026
QOSTANAI TAŃY: «ӨРТЕҢГЕ ӨСКЕН КӨК ҚҰРАҚ»
Автор: БАСТЫ мәдениет үйі
16.09.2026
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру