Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев «Тобыл тынысы» бағдарламасында қонақта болып, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мәдени іс-шаралардың барысы жайында әңгімелеп берді. Әңгіме барысында мерейтой аясында өткен республикалық айтыс және жыр-терме байқауы мен гала концертке жан-жақты тоқталды.
Сонымен қатар, мерейтой тек қана өнер саласымен шектелмей, жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, Міржақып мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталғанын атап өтті.
Дәмер Қалқаевтің айтуынша, атқарылған шаралардың барлығы ұлт руханиятының шамшырағы болған Міржақып Дулатұлының есімін ұлықтап, ел жадында мәңгі қалдыруға арналды.