Бұдан кейінгі іс-шара аудан орталығының «Топжарған» стадионында жалғасты. Мұнда «Ұлт руханиятының шамшырағы» атты атаумен аламан айтыс өтті. Жыр сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14 ақын қатысты. Басты мақсат-ұлт жанашырының шығармашылығын насихаттап, айтыс өнерін дәріптеу.