altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
#QOSTANAI TAŃY: Торғайда Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
21.09.2025
693
0
Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған конференция секциялық жұмыстармен басталып, пленарлық мәжілісте мерейтойлық құттықтауларға кезек берілді. Арнайы тақырыптық көрме қойылды.
 
Конференцияны ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл жүргізіп отырды.
 
Алғашқы құттықтау сөз Қостанай облысының әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовке берілді.
 
Мінбердегі сөзінде әкім орынбасары конференцияның тек еске алу емес, ұлы тұлғаның идеяларын зерделеу, оны жас ұрпақ санасына сіңіру, Тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңаруына жол ашатын терең таным мен парасатты пікір алаңы екендігін атап көрсетті.
 
«Міржақып Дулатұлы елінің ертеңі үшін жанын шұберекке түйген, туған халқының азаттығы жолында аянбай еңбек еткен қайраткер. Оның ұлт руханиятына, білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі орасан. «Оян Қазақ!» деп дүр сілкіндірген Міржақыптың үні бүгін де өзектілігін жоғалтпаған асыл мұра. «Қазақ» газетіндегі публистикалық еңбектері білім беру, ана тілі, ұлттық сана туралы айтқан тұжырымдары бүгін де өзекті, болашаққа бағыт берер темірқазық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Ұлт зиялыларының асыл арманы Тәуелсіздік еді. Біз сол армандардың орындалған дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Енді олардың аманатына адал болу басты міндетіміз» деген болатын. Бұл сөз біздің әрбір жұмысымыздың, әрбір бастамамыздың темірқазығы болуы тиіс. Міржақыптың рухани мұрасын насихаттау тек тарихты танып білу емес, жаңа дәуірдің саналы азаматын қалыптастыруға бағытталған үлкен жұмыс», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
 
Президиум төріндегі мәртебелі қонақтар Қазақтың заңғар жазушысы, жерлесіміз Төлен Әбдік, әйгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиев, міржақыптанушы ғалым Марат Әбсәмет сүбелі сөздің қаймағын қалқып, Міржақып Дулатұлының халқына сіңірген еңбегін жеріне жеткізе әңгімеледі.
 
Қабырғалы қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайсар Әлім және басқалар жаңа кітаптар таныстырылымын өткізді.
 
Міржақыптың ұрпақтары атынан бірқатар елдің айтулы азаматтарына мерейтойлық медалдар табыс етілді.
 
Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов тойдың өтуіне демеушілік жасаған ел перзенттерін Алғыс хатпен марапаттады. Жанкелдин ауданының әкімі Дінмұхамед Бидашев конференцияға арнайы келіп деңгейін жоғарылатқан Міржақып Дулатұлының ұрпақтарына, конференция спикерлері және модераторына ел атынан шынайы алғысын білдірді. Міржақыптанушы ғалымдарға және Міржақыптың ұрпақтарына сый- құрмет көрсетті.
 
Алматай Нұрмағанбетова,
Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың «Өлкетану және әдебиеттер» бөлімінің меңгерушісі:
 
«Конференцияға «Халқын оятқан қаламгер» атты көрмені әкеліп отырмыз. Көрмеміз: «Ұлтын оятқан қазақ», «Ел ертеңі үшін еткен еңбек» және «Елдің ері, Алаштың азаматы» атты үш бөлімнен тұрады. «Азаттықты аңсаған ұлт көсемі» тақырыбымен библиографиялық көрсеткіш құрастырдық. Бұл көрсеткішті алда әлде де толықтырып шығармақшымыз. Көрсеткіште Міржақып Дулатұлы жазылған материалдардың бәрі топтастырылған. Бұл оқырмандар үшін, мұғалімдерге, студенттерге өте жақсы ақпарат бере алатын көрсеткіш».
 
QOSTANAI TAŃY
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген – автор
Жанкелдин ауданы
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру