altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ: Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы: Торғай төріндегі дүбірлі мереке
20.09.2025
628
0
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мерекелік шаралар шеңберінде Торғай даласында ұлттық ат спортының көрнекті жарыстары және аламан айтыс өтті. Қазақ халқы үшін жылқы – еркіндіктің, өрліктің, азат рухтың айнасы. Сондықтан да ұлы тойды ат спортынан бастауы заңды құбылыс екені анық.
 
Ұлы дала жорығы

Міржақып мерейтойына орай аудан орталығындағы атшабарда өткен көкпар бәсекесі көрермендерді бірден баурап алды. Көкпар – тек спорт емес, батылдық пен ептілікті сынайтын, жігіттік пен бірлікті дәріптейтін ұлттық мұра. Іріктеу ойындарынан кейін палуандар аударыспақ сайысында үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасып, қазақ күресінің айбынды рухын паш етті.
 
Ұлы аламан бәйге болса, нағыз төзімділіктің, шыдам мен жүйріктіктің сынға түсер алаңы болды. 70 шақырымдық қашықтық Ақшығанақ ауылынан басталып, мәреге жеткен жүйріктерді халық үлкен қошеметпен қарсы алды. Бұл бәйгеге еліміздің әр аймағынан келген тұлпарлар қосылып, ұлттық спорттың қаншалықты кең қолдау тапқанын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, демеушілер үш автокөлік, 38 сәйгүлік және 31 миллион теңге қаражат бөліп, ұлттық мұраны қолдауға зор үлес қосты.
 
Бұл ел азаматтарының рухани-мәдени құндылықтарға деген шынайы жанашырлығының көрінісі. Жалпы 200-ге жуық жүйрік қатысқан бәйгеде жүлде қоры да ауқымды болды. Ұлы аламанда 1-8 орын, аламан бәйгеде 1-6 орын, құнан бәйгеде 1-4 орын, ал «Алтын тай» жарысында 1-5 орынға дейін жеңімпаздар марапатталды.
 
Сонымен қатар мерекелік шара аясында халықаралық «Ұлы Дала жорығы» марафон-бәйгесі бастау алды. Бұл додаға Қазақстаннан бөлек, Ресей мен Қырғызстанның шабандоздары қатысуда. Марафонның басты ерекшелігі – 500 шақырымдық қашықтықты бағындыру. Бұл ұлы сапардың бастауында Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл бастаманың ұлттық спорт қана емес, халықаралық туризм мен мәдени ықпалдастыққа жол ашатынын атап өтті.
 
«Бәйге десе қаны қызбайтын қазақ жоқ. «Ұлы дала жорығы» рухымызды асқақтататын іс-шараға айналды. Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай осындай ауқымды іс-шараның өтуі ұлт спортын ұлықтаудың, тарихқа тағзым, тұлғаға құрмет көрсетудің іс жүзіндегі көрінісі. Шабандоздарға сәттілік тілейміз. Мерейтойымыз құтты болсын!» – деді Ерлан Қошанов.
 
 
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өз сөзінде:
 
«Қостанай тұқымын сақтап қалу үшін арнайы заң қабылданды. Бүгінгі бәйгеде сол тұқымның жүйріктері де сынға түсіп отыр. Бұл жарыстар – ұлттық спорттың ғана емес, ұлттық мақтаныштың да көрінісі», – деді.
 
 
Осылайша, 18 команда 500 шақырымдық сапарға аттанып, 25 қыркүйекте мәреге жетпек. Бұл дода – шабандоздардың төзімділігі мен бірлігін көрсететін тарихи шараға айналмақ.
 
Ұлт ұраны жырланды
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай Торғай төрінде республикалық айтыс та өтті. Бұл аламан – қазақ халқының сөз өнерін, суырыпсалмалық дәстүрін, ұлттық рухын дәріптеген үлкен мәдени оқиға болды.
 
Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14 ақын қатысты. Атап айтар болса, айтысқа қатысқан ақындардың ішінде Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Аспанбек Шұғатаев, Қанат Мырзахан, Жанарыс Тілеубек, Мейіржан Жақып, Нұрлан Есенқұлов, Марат Ахметов, Серікбол Панабердиев, Бекзат Асқаров, Батырлан Сағынтаев және Тоба Өтепбаев болды. Жыр бәйгесін белгілі айтыскер Аманжол Әлтаев жүргізсе, қазылар алқасын Жүрсін Ерман басқарды.
 
Олар азаттық, рух, ұлттық болмыс тақырыптарын терең қозғап, Міржақып Дулатұлының мұрасын жырға қосты. Әрбір айтыскер туған жердің қадір-қасиетін, халықтың арман-тілегін, елдік пен бірлікті айшықтап жеткізді.
 
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде – Мұхтар Ниязовқа беріліп, ол автокөлікпен марапатталды. Бірінші орынды Бекарыс Шойбеков иеленіп, автокөлікке қол жеткізді. Екінші орынға Мейірбек Сұлтанхан мен Әсем Ережеқызы (әрқайсысына 2 млн теңгеден), үшінші орынға Аспанбек Шұғатаев пен Нұрлан Есенқұлов (әрқайсысына 1 млн теңгеден) ие болды. Өзге қатысушылар да құр қол қалмай, 500 мың теңгеден жүлде алды.
 
Бұл айтыстың жүлде қоры да ерекше болды, бір автокөлікті Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев, екіншісін облыс әкімдігі тарту етті. Жергілікті жұртшылық өздерінің ардақты ақыны – Тоба Өтепбаевқа ат мінгізіп, халық айрықша құрмет көрсетті.
 
Айтыс алаңы – қазақтың рухани мінбері. Бұл жолғы жыр додасы мерейтойдың мәнін тереңдетіп, Міржақып Дулатұлының асқақ бейнесін жыр тілімен жаңғыртты. Бұл мерейтой бір жағынан тарихқа тағзым болса, екінші жағынан қазіргі тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңғыруының белгісі болды. Халықтың бірлігі, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі және Міржақып Дулатұлының мұрасына көрсетілген құрмет – жас ұрпаққа бағытталған үлкен өнеге.
 
Міржақып Дулатұлы армандаған азаттық пен өрлеу идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен болашағынан айқын көрініс табуда. Оның еңбегі мен мұрасы – сарқылмас рухани қазына, ал мерейтойлық шаралар – ұлт рухын асқақтататын тарихи міндет.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру