Бүгін Торғай жерінде аламан айтыс өтті. Шара Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай ұйымдастырылған. Бәйгеде Мұхтар Ниязов оза шауып, бас жүлдені иеленді.
Республикалық «Ұлт руханиятының шамшырағы» атты ақындар айтысына әр өңірден 14 айтыскер қатысты.
Айта кетейік, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мерейтой әлі де жалғасады. Ертең Торғайда бірқатар шара өтеді.