QOSTANAI TV: Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Мұрат Нағашыбай Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына барып, тәжірибе алмасып қайтты
29.01.2025
364
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Бүгін ол жергілікті телеарнада осы іссапар жайында әңгімелеп берді.
Іссапардың мақсаты домбыра күніне орай өтетін «Тобыл-Торғай өңірінің музыкалық мұрасы: кеше-бүгін-ертең» ғылыми республикалық конференциясына дайындық.
Консерватория басшылығының қолдауымен қарқынды жұмыстар атқарылды. Зерттеу барысында архивтік жазбалар, таспаға жазылған мұралар, ноталар және басқа да құнды деректер жинақталды.