«Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты 37-шы көркемөнерпаздар байқауы Алтынсарин және Қостанай аудандарында да жоғары деңгейде өтті. Фестиваль барысында ауыл-аймақтағы талантты өнерпаздар тасада қалмай, осы игі шара аясында жаңа есімдерге жол ашылуда. Қос ауданның өнерпаздары туған өлкелерін жырға қосып, ән құшағына бөледі.