#REPOST @qostanai_tany Қаламыздың туған күні бір жерде ғана мерекеленіп жатқан жоқ. Ауқымды іс-шаралардың бірі Гашек жағалауында да жалғасын тапты.
Онда шаһар тұрғындары Қостанай, Рудный, қалалары мен Федоров ауданының көркемөнерпаздар ұжымдары ұйымдастырған "Достық сазы" атты концерттік бағдарламаны тамашалады. Өнерпаздар патриоттық, достық туралы әндер шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл концертте өңіріміздің үздік өнерпаздары өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етіп, түрлі музыкалық аспаптарда ойнады. Көрермендер орындаушылардың өнерін үлкен қызығушылықпен тамашалап, әрбір нөмір сайын қолдау көрсетті.
Концерттің басты мақсаты – өңір мәдениетін көрсетіп, достық пен бірлікті нығайту болды.
Толығырақ газетіміздің сайтынан оқи аласыздар.




