#REPOST @qostanai_tany Ұлттық Домбыра күніне орай, облыста маусым айынан бастап «Күй шеруі» атты акция басталған-ды. Содан бері өңірдің әр аудан-қаласында жаппай домбыра тарту іс-шаралары өтіп келеді. Енді, міне, осынау «Күй шеруі» керуені Сарыкөл ауданына да жетіп отыр
Жергілікті домбырашылар ұлттық мерекеге жоғары деңгейде дайындалған. Былтыр қырық шақты адам бір мезетте күй ойнаса, биыл жүз адам қазақтың киелі аспабын қолға алыпты. Орталық алаңдағы бас сахна етегіне тізіле отырған, біркелкі киім үлгісіндегі үлкенді-кішілі өнерпаздар ерекше көз тартады.