Алау телеарнасының “Өмір ағымы” бағдарламасына Қостанай өнірлік университетінің қос студенті Балтабай Ермұқан Таңатқанұлы мен Жұбаев Жамбыл Тұрғанбайұлы қонақта болып, Домбыра күніне байланысты дайындықтарын әңгімелеп берді
Олар Мұрат Тілеуғабыловтың шәкірттері. Бірі құқықтану мамандығаның 3 курс студенті болса, екіншісі физика мамандығының 3 курс студенті.
Екеуі де қазақтың қара домбырасында шебер ойнайтын өнерлі әрі айтар ойлары бар жастар.
Өнерлері жайында сөз қозғап, Ұлттық домбыра күнінің маңызына тоқталды.
Жастардың бойындағы жалын, жаңашыл көзқарастары өзглерге ой салады деп ойлаймыз.