#REPOST @sadchikovka_biblioteka Үстіміздегі жылдың 20 сәуірінде Садчиков ауылдық кітапханасы жанынан құрылған “Қазына” клубының мүшелері Алматы қаласындағы КТК телеарнасының “Кел, шырқайық!” бағдарламасына қатысып өнер көрсетті
Қатысушылар халық жадында сақталған әндерді шырқап, ұлттық дәстүрді жаңғырту мақсатында көрініс көрсетіп, әділ- қазылардың көңілінен шығып, жоғары ұпайға ие болды. Жобаны танымал актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей жүргізді. Қазыналықтар үлкен әсер алып, шабыттанып қайтты.
