Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының мәдени-демалыс және халықшығармашылығын ұйымдастыру басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Молдашева мен «Жұлдыз» студиясының жетекшісі Айгүл Темірбекова «Алау» телеарнасында қонақта болып, Ұлттық домбыра күніне жоспарланған барлық іс-шаралар жайында әңгімелеп берді
Қазір Домбыра күніне дайындық басталып кетті. Түрлі акциялар, челлендждер аймақтарда өтуде. Халықтың домбыраға деген қызығушылығы да арта түскен. Тіптен «Жұлдыз» студиясына да домбыра үйренемін деп келген орта жастағы азаматтар да болыпты. Күй үйреніп, өз өнері арқылы үлесін қосқысы келеді екен.
Бағдарламаға осы студияның жас домбырашысы, Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектептің оқушысы Құрманғали Санжар да қатысып, өзінің домбыраны қалай үйренгенін, соның арқасында шет елге шығып, қазақтың өнерін танытқанын, болашағын да осы жолмен байланыстыратынын айтты.
Ұлттық домбыра күніне атсалысып, қолыма қазақтың қара домбырасын алып, 7 мың күйшінің қатарына қосылам дегендер болса қуанамыз.