Бүгін облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев пен “Жұлдыз” домбыра студиясының ұстазы Әлібек Жарылқасынов «Алау» телеарнасында қонақта болып, Ұлттық домбыра күніне жоспарланған іс-шаралар жайында әңгімелеп берді
Биыл облыстық домбырашылар байқауы, 7000 домбырашының қатысуымен күй шеруі, челлендж, өзге де қызықты іс-шаралар легі кезең-кезеңімен өтеді.
Түрлі байқаулар, концерттер, кездесулер, дөңгелек үстелдер де жоспарланған.
Осыған орай дайындық басталды. Қатысып, атсалысамын дегендер қолдап, үлестерін қоса алады.