#Repost @qostanai_tany • • • • • • Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығы қарсаңында, Ұлттық домбыра күніне орай "Күмбірле, қоңыр домбыра!" облыстық домбырашылар байқауы өтті
#ГидПоКазахстану
Байқау алдында Тобыл-Торғай өңіріне танымал тұлғалары ұстаған домбыралар көрмесі ұйымдастырылды. Олардың ішінде Амангелді Имановтың, Әсия Беркенова, Серәлі Қожамқұлов сынды тұлғаларымыздың домбыралары да бар.
Байқауға барлығы 15 күйші қатысып, бақ сынады. Қатысушылардың деңгейі өсіп, қатары да көбейген. Байқауда танымал күйлермен қоса Тобыл-Торғай өңірі композиторларының шығармалары да орындалды.