Қазақ халқының дәстүрлі өнерін жетік меңгерген талант иелері Қарабалық пен Федоровта да аз емес. 36-шы «Өнеріміз саған, Қазақстан» көркемөнерпаздар байқауын қос ауданның өнерпаздары дүркіретіп өткізді. Мәдениетіміз бен салт-дәстүрді насихаттаған әнші, бишілер бірлік пен достықты да дәріптеді.