QOSTANAI TV: Бүгін Қостанай телеарнасындағы Тобыл тынысы бағдарламасының тікелей эфирінде ҚазССР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің 70 жылдық мерейтойымен Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының көркемдік жетекшісі Бағдат Оспанов және Облыстық Композиторлар одағының төрағасы Азамат Мұқатов құттықтап, мерейтой қарсаңындағы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы бөлісіп, соңында Қалибек Деріпсалдиннің "Қостанай" әнін Азамат Мұқатов тарту етті.