13 желтоқсанда аудандық балалар және жөсөспірімдер спорт мектебінде Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қазақ күресінен өткен облыстық турнирге Қостанай облысының мәдениет қызметкерлері қатысты.

Жеңіл салмақтан 1-орынды Амангелді ауданынан келген Нұрсұлтан Мұхтар жеңіп алса (100 мың теңге, "ӨНЕР АРЛАНЫ – 2022" белдігі, медаль және диплом), 2-орынды Алтынсарин ауданының қатысушысы Талғат Қапиятов ( 80 мың теңге) еншіледі. 3-орынды Жангелдин ауданының үміткері Қайрат Жанатов (60 мың теңге) иеленді.
Сондай-ақ, ауыр салмақта әулиекөлдік Ерлан Қасымов жеңімпаз атанды (100 мың теңге, "ӨНЕР АРЛАНЫ – 2022" белдігі). 2-орынға рундыйлық Берік Қозылов тұрақтады (80 мың теңге), ал алтынсариндік Дархан Едігин үштіктен көрінді (60 мың теңге). Ал, жүлдеге ілікпеген қалған өнерпаз палуандарға диплом мен 20 мың теңгенің сертификаттары табысталды.
Дүбірлі додаға «Олжа-Агро» ЖШС демеушілік жасады.

