QOSTANAI TV: 22-24-ші сәуір аралығында Қостанай қаласы Жастар сарайында «Алтын микрофон - 2022» ХІХ халықаралық жас әншілер байқауы өтеді.
23.04.2022
487
0
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz:
Мәлімет бойынша, байқаудың халықаралық кезеңінде ұзын саны 49 жас әнші бақ сынасады. Фестивальге Қазақстанның барлық облысынан және Қырғызстан, Армения, Болгария сынды алыс-жақын шетелдерден үміткерлер қатысады. Алғашқы сынақ 22-ші сәуір жұма күні 17.00-де басталады. Байқау үміткерлері "кіші санат", "орта санат", "ересектер санаты" және "Шеберлер" санаты" бойынша өнер көрсетеді. Қатысушыларға халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар қазылық жасамақ. Сенбі күні сағат 14.00-де 2-айналым өтіп, байқау қорытындысы 24 сәуірде сағат 11.00-де шығарылып, фестиваль гала-концертпен түйінделеді.