Қостанайда облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті. Дәстүрге айналған іс- шара биыл 30-шы рет ұйымдастырылып отыр. Сөз бәйгесінің бұл жолғы тақырыбы рухани көсем Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына және Балалар жылына арналған. Жыр додасында өңіріміздің әр түкпірінен келген өнерлі өрендер өз ойларын өлеңмен өріп, сөз сайысында өзара тартысқа түсті.