ҚР Мәдениет саласының үздігі, Шара Жиенқұлова атындағы республикалық би байқауының лауреаты, Ольга Голушкевич атындағы балетмейстер сыйлығының иегері, "Алтынай" мемлекеттік халық би ансамблінің би қоюшысы, балет әртісі, "Би әлем" Жетісу хореография орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бегзат Ағияр облыстық "Qostanay" телеарнасында қонақта болды.
Құрметті қонақ студияда берген сұқбаты кезінде телекөрермендерге өзің кеңінен таныстырып, жеке шығармашылығы туралы баяндап берді. Сондай-ақ, Қостанай қаласына келгендегі мақсатын айтты. Танымал биші күні кеше өңірдің талапкер бишілерімен, би ұжымы жетекшілерімен өткен шеберлік сабағы жайлы мағлұмат берді. Егер арнайы шақыртулар болса, Тобыл өңіріне өнер сапарымен келуге қашанда әзір екенін жеткізді.